Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық салу объектісі. 1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың жалпы көлемі:
1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін өткізілген шикі мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлеміне;
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеуге берілген шикі мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлеміне;
РҚАО-ның ескертпесі!
2-1) тармақша ҚР 2012.06.22 N 21-V Заңына сәйкес 2015.01.01 дейін қолданылады.
2-1) кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген шикі мұнайға – салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін берген не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген шикі мұнайдың көлеміне бөлінеді.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін шикі мұнайды беруді не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін, сондай-ақ Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының тізбесін және олардың шикі мұнайды өңдеу шарттарын мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оның өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасына іс жүзінде әкелінбеген жағдайда, кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген шикі мұнайдың барлығы пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы шикі мұнай ретінде қаралады.
3) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген, салық кезеңі ішінде өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі мұнайдың және газ конденсатының көлеміне;
4) осы Кодекстің 346-бабына сәйкес мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда берген шикі мұнай мен газ конденсатына;
5) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газға бөлінеді.
Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаттарында өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ деп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарға сәйкес осы келісімшарт шеңберінде:
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мұнай дайындауда отын ретінде;
технологиялық және коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар үшін;
ұңғыма сағасында мұнайды қыздыру үшін және бекітілген жобалық құжаттарға сәйкес мұнайды өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне ауыстырып тиеу орнына дейін тасымалдау кезінде;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде пайдаланылатын электр энергиясын өндіру үшін;
осы баптың 4-тармағында көзделген жер қойнауына кері айдау жағдайларын қоспағанда, бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін;
мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен жобалық құжаттарда көзделген көлемде өндіруші мұнай ұңғымаларын пайдаланудың газлифтілік (механикаландырылған) тәсілі мақсатында пайдаланылған табиғи газ танылады.
Өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ деп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және осы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт шеңберінде мұнай-газ аймақтарында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін пайдаланылған табиғи газ да танылады;
5-1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген сұйытылған мұнай газына сәйкес келетін көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газға бөлінеді. Бұл ретте, сұйытылған мұнай газының мұндай көлемін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітеді және Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу үшін міндетті болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
6) тармақша ҚР 2012.06.22 N 21-V Заңына сәйкес 2015.01.01 дейін қолданылады.
6) тауарлы шикi мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға – егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1), 2), 2-1), 3), 4), 5) және 5-1) тармақшаларында көрсетiлген шикi мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың жалпы көлемiне бөлiнедi.
2-1. Осы баптың 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ және (немесе) сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газ көлемі деп мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарда көрсетілген көлемдер шегінде осындай пайдаланылған табиғи және (немесе) ілеспе газдың нақты көлемі танылады.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізуді және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеу үшін не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізуді растау үшін жер қойнауын пайдаланушыда шикі мұнай мен газ конденсатының нақты көлемін және олардың тиісті көлемін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының қабылдау фактісін растайтын коммерциялық және тауарға ілеспе құжаттарының түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін, ал осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізуді растау үшін - тиісті көлемі үшін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының нақты сатып алу бағасын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырған көшірмелері болуға міндетті.
Мұндай құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері болмаған жағдайда шикі мұнай мен газ конденсатының тиісті көлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы шикі мұнай, газ конденсаты ретінде қаралады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-1-тармақ ҚР 2012.06.22 N 21-V Заңына сәйкес 2015.01.01 дейін қолданылады.
3-1. Жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 2-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеу үшін Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына бергенін не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізгенін растау үшін жер қойнауын пайдаланушыда тауарлардың және олардың өңдеу өнімдерінің нақты көлемі және оларды тиісті кедендік рәсіммен орналастыру фактісін растайтын мынадай құжаттардың:
тауарларды және олардың өңдеу өнімдерін тиісті кедендік рәсіммен орналастыруды растайтын, тауарларға арналған декларациялардың;
тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжаттың;
нақты жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілуге жататын шикі мұнай көлемі туралы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар бөлігінде шикі мұнайды өңдеу үшін әкетуге жататын, көрсетілген көлемнен алынатын өңдеу өнімдерінің көлемі туралы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган қорытындысының;
кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімін қолдану туралы есептердің;
тауарлар мен өңдеу өнімдеріне арналған коммерциялық және тауарға ілеспе құжаттардың және (немесе) қабылдау-тапсыру актілерінің;
нақты жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген шикі мұнай көлемінен алынған өңдеу өнімдерінің нақты әкелінген көлемі туралы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган қорытындысының түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері болуға міндетті.
Құжаттардың осындай түпнұсқалары немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелері болмаған жағдайда, шикі мұнайдың тиісті көлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы шикі мұнай ретінде қаралады.
4. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бекітілген жобалық құжаттарда көзделген мұнай алу коэффициентін ұлғайту мақсатында жер қойнауына кері айдалатын көлемде табиғи газ бойынша төленбейді.
5. Бұл тармақ 01.01.2011 дейін қолданылды.
Ескерту. 332-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 N 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 196 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы | Бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау | Бап. Салықтан шегерім жасау | Бап. Акциз төлеу мерзiмдерi | Тарау. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ | Бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөнiндегi қызметке салық салу | Бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттемесін орындау тәртібі | Бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері | Бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі | Бап. Салық салу объектiсi |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Төлеу тәртібі мен мерзімдері| Бап. Шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын айқындау тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)