Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы

Читайте также:
  1. Бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау
  2. Бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері

 

1. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетiн тауарлар бүлiнген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленедi.
Осы ереже одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны бүлiнген, жоғалған жағдайда да қолданылады.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн:
1) тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің), оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында нашарлауы акцизделетiн өнiмнiң бүлiнуi деп түсініледі;
2) оқиғаның нәтижесінде тауардың, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында жойылуы немесе ысырабы акцизделетiн өнiмнiң жоғалуы деп түсініледі.
Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи кему нормалары шегінде шеккен акцизделетін тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндіруші нормативтік және техникалық құжаттамамен регламенттейтін нормалар шегіндегі ысыраптар жоғалу болып табылмайды.
Ескерту. 285-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

РҚАО-ның ескертпесі!
286-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Бап. Акциз маркаларының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы

 

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.
Осы Кодекстің 653-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген ставкалар негізінде жүргізіледі.
2. Акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:
1) акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар нәтижесінде бүлінсе, жоғалса;
2) бүлiнген акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаса, акциз төленбейдi.
Ескерту. 286-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткiзуге жатқызу өлшемдері

 

1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы акцизделетiн бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын қабылдауға және оларды одан әрi өткiзу үшiн пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:
1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өндiрушi;
2) осы Кодекстің 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын одан әрi өткiзу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеушi ұсынушылар болып табылған жағдайда аталған тауарларды өткiзу көтерме саудада өткiзу саласына жатқызылады.
Көтерме саудада өткізу саласына бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге жөнелту де жатады.
2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткiзу саласына осы баптың 1-тармағында аталған ұсынушылар жүзеге асыратын:
1) алыс-беріс шикізаты мен материалдардан, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынынан дайындалған мұнай өнімдерін өндірушілердің тұлғаларға оларды өндiрiстiк мұқтаждар үшiн өткiзуі, сондай-ақ беруі;
2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткiзу;
3) өндiрiлген немесе одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану операциялары жатады.
Ескерту. 287-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 186 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Кеден одағында қосылған құн салығын төлеушілер | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау, салық салынатын импортты жасау күні | Бап. Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау | Бап. Тауарлар экспортын растау | Бап. Кеден одағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу | Бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері | Бап. Кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі | Бап. Акциз ставкалары | Бап. Салық салу объектісі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Операция жасалған күн| Бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)