Читайте также:
|
|
1. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.
Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың меншік иесі деп тауарларға меншік құқығы бар немесе тауарларға меншік құқығының өтуі шартпен (келісімшартпен) көзделген тұлға түсінілуі керек.
2. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса және бұл ретте тауарлар Кеден одағына мүше үшінші бір мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі төлейді.
3. Егер Кеден одағына мүше бір мемлекеттің салық төлеушісі тауарларды комиссия шарты, Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне берілген тапсырма негізінде өткізсе және тауарлар Кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – комиссионер, сенім білдірілген адам жүзеге асырады.
4. Егер Қазақстан Республикасының басқа салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импорттаған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған жағдайда, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі, тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импортталған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған кезде қосылған құн салығын төлеуді оларды сатып алу-сатуға резидент емеспен шарттар (келісімшарттар) болған кезде тауарлардың меншік иесі жүзеге асырады.
Тауарларды сатып алу-сатуға арналған шарттар (келісімшарттар) болмаған кезде, мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеуді көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жүзеге асырады.
Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі осындай сауда өткізілетіні туралы Кеден одағына мүше мемлекеттерден саудаға қатысушылардың тізімін қоса алғанда, оны өткізу басталғанға дейін он жұмыс күні бұрын орналасқан жеріндегі салық органын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
5. Егер тауарлар Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен Кеден одағына мүше емес мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт негізінде сатып алынса және бұл ретте тауарлар Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі не сенім білдірілген адам (оператор) төлейді.
Ескерту. 276-18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Бап. Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде Кеден одағында комиссия, тапсырма шарттары бойынша қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері
1. Комиссионер (сенім білдірілген адам) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына комиссия (тапсырма) шарттары негізінде әкелген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын есептеу және бюджетке аудару жөніндегі міндет комиссионерге (сенім білдірілген адамға) жүктеледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасын осындай тауарларды сатып алушы комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушының атына жазып берген шот-фактураның, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация көшірмесінің және осы Кодекстің 276-20-бабының 7-тармағында көзделген, салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі негізінде есепке жатқызуға тиіс.
2. Комиссионердің өз атынан және комитент есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
3. Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі сенім білдірілген адамның өткізуі бойынша айналым болып табылмайды.
4. Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі - комитент (сенім білдіруші) пен Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – комиссионер (сенім білдірілген адам) арасында жасалған комиссия (тапсырма) шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша шот-фактураларды жазып беруді комиссионер (сенім білдірілген адам) жүзеге асырады. Бұл ретте шот-фактура жеткізушінің «комиссионер» («сенім білдірілген адам») деген мәртебесі көрсетіле отырып жазып беріледі.
Комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушыға жазып берген шот-фактурада осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 1) - 6) тармақшаларында белгіленген деректемелер, қосылған құн салығын есепке алмағанда тауарлардың құны, сондай-ақ шот-фактураға қоса берілетін тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нөмірі мен күні көрсетіледі.
Импортталатын тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада жеке жолда көрсетіледі.
Мұндай шот-фактураға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің комиссионерден (сенім білдірілген адамнан) алынған көшірмесі мен тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызуға негіз болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның көшірмесі қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы комиссионердің (сенім білдірілген адамның) есебіне жатқызылмайды.
5. Импортталған тауарларды комиссионер (сенім білдірілген адам) есепке қабылдаған күн комиссия (тапсырма) шарттары негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.
Осы тармақтың мақсаты үшін комитенттің (сенім білдірушінің) комиссионердің (сенім білдірілген адамның) атына тауарлардың берілгенін растайтын бастапқы құжатты жасау күні есепке қабылдау күні болып табылады.
6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген адамның) салық салынатын айналымының мөлшері комиссия (тапсырма) шарты бойынша сыйақы негізінде айқындалады.
Ескерту. 276-19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 201 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Кеден одағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу | | | Бап. Кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі |