Читайте также: |
|
1. Тауарларды өткізу орны осы Кодекстің 236-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалады.
2. Егер:
1) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тікелей осы мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікпен байланысты болса;
Осы тармақшаның ережелері жылжымайтын мүлікті жалға беру, жалға алу және өзге де негіздермен пайдалануға беру бойынша қызметтер көрсетуге қатысты да қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін жер учаскелері, жер қойнауының учаскелері, оқшауланған су объектілері және жермен тығыз байланыстының барлығы, яғни пайдаланылу мақсатына мөлшерлес емес зиянсыз көшіру мүмкін болмайтын объектілер, оның ішінде ормандар, көпжылдық екпелер, ғимараттар, құрылыстар, құбырлар, электр беру желілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындар және ғарыш объектілері жылжымайтын мүлік деп танылады;
2) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымалы мүлікке, көлік құралдарына тікелей байланысты болса (жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беру, лизинг бойынша және өзге де негіздерде пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерден басқа).
Осы тармақшаның мақсаты үшін осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке, көлік құралдарына жатпайтын заттар жылжымалы мүлік болып танылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін теңіз және әуе кемелері, ішкі жүзу кемелері, «өзен-теңіз» аралас жүзу кемелері; жылжымалы темір жол құрамының бірліктері; автобустар; тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоса алғанда автомобильдер; жүк контейнерлері көлік құралдары болып танылады;
3) мәдениет, өнер, оқу (білім беру), дене шынықтыру, туризм, демалыс және спорт саласындағы қызметтер осы мемлекеттің аумағында көрсетілсе;
4) осы мемлекеттің салық төлеушісі мыналарды:
консультациялық, заңгерлік, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, дизайнерлік, маркетингтік қызмет көрсетулерді, ақпаратты өңдеу бойынша қызмет көрсетулерді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстарды;
ЭЕМ мен деректер қорлары (есептеу техникасының бағдарламалық құралдары мен ақпараттық өнімдері) үшін бағдарламаларды әзірлеу, оларды бейімдеу және түрлендіру, осындай бағдарламалар мен деректер қорын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
егер персонал сатып алушының қызмет орнында жұмыс істейтін жағдайда, персонал беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алса, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып танылады.
Осы тармақшаның ережелері сондай-ақ мынадай:
патенттерді, лицензияларды, мемлекет қорғайтын өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықты растайтын өзге де құжаттарды, сауда таңбаларын, тауар белгілерін, фирмалық атауларды, қызмет көрсету белгілерін, авторлық, сабақтас құқықтарды немесе өзге де осыған ұқсас құқықтарды беру, ұсыну, басқаға беру;
көлік құралдарын жалға беруді, лизингті және өзге де негіздерде пайдалануға беруді қоспағанда, жылжымалы мүлікті жалға беру, лизингке және өзге де негіздерде пайдалануға беру;
осы тармақшада көзделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін басқа тұлғаны шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан тартатын тұлғаның қызметтер көрсетуі кезінде де қолданылады;
5) егер осы баптың 2-тармағының 1) - 4) тармақшаларында өзгеше көзделмесе, осы мемлекеттің салық төлеушісі жұмыстарды орындаса, қызметтерді көрсетсе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағы болып танылады.
Осы тармақшаның ережелері көлік құралдарын жалға беру, лизингі және өзге негіздерде пайдалануға беру кезінде де қолданылады.
3. Мыналар:
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен Кеден одағына мүше-мемлекеттердің салық төлеушісі арасында жасалған жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарт (келісімшарт);
жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжаттар;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттар жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орнын растайтын құжаттар болып табылады.
4. Егер салық төлеуші салық салу тәртібі осы тараумен реттелетін қызметтің, жұмыстың бірнеше түрін орындаса, көрсетсе және кейбір жұмысты, көрсетілетін қызметті өткізудің басқа жұмысты, көрсетілетін қызметті өткізуге қатысты қосымша сипаты бар болса, онда негізгі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны қосымша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.
Ескерту. 276-5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 115 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Кеден одағында қосылған құн салығын төлеушілер | | | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау, салық салынатын импортты жасау күні |