Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Шот-фактура

Читайте также:
  1. Бап. Экспедиторлардың шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері

 

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлейтін барлық төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат шот-фактура болып табылады.
1-1. Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактурадан басқа шот-фактураның нысанын салық төлеуші осы баптың ережелерін ескере отырып дербес айқындайды.
1-2. Шот-фактура қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде жазып беріледі.
Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда мыналар:
шот-фактураның нысаны;
шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;
шот-фактураларды куәландыру тәртібі;
түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшелігі;
шот-фактураларды сақтау тәртібі;
бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салық қызметі органдары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі көрсетіледі.
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
электрондық түрде жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;
электрондық түрде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің дәйектілігі;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуіне жауаптылықта болады.
2. Қосылған құн салығын төлеуші тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткiзу бойынша айналымдарды жүзеге асырған кезде, осы бапта өзгеше белгіленбесе, аталған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушыға шот-фактураны жазып беруге мiндеттi.
3. Қосылған құн салығын төлеуші шот-фактурада:
1) қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша – қосылған құн салығының сомасын;
2) салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша – «ҚҚС-сыз» белгісін көрсетеді.
4. Егер өнім беруші осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, осы Кодекстің 256-бабының 2-тармағына сәйкес берілетін шот-фактура немесе басқа да құжат "ҚҚС-сыз" белгісімен жазылады.
5. Осы Кодекстiң 256-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшiн негiздеме болып табылатын шот-фактурада:
1) шот-фактураның араб цифрларымен көрсетілетін реттiк нөмiрi;
2) шот-фактураның жазып берiлген күні. Шот-фактура электрондық түрде жазып берілген кезде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактура тіркелген күн жазып берілген күн болып табылады;
2-1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының тұрған жері көрсетілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының мекенжайы.
3) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушiлер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және (немесе) атауы;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте, ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қалыптасуына, оның ішінде іскерлік айналымдағы қалыптасуына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;
3-1) осы баптың 18-тармағында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;
4) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушi мен алушының сәйкестендіру нөмiрi;
5) қосылған құн салығын төлеуші – өнім берушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің сериясы мен нөмірі;
6) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің атауы;
7) салық салынатын айналымның мөлшерi;
8) қосылған құн салығының ставкасы;
9) қосылған құн салығының сомасы;
10) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны көрсетілуге тиіс.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші немесе алушы заңды тұлға болып табылса, осы тармақтың 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындау мақсатында шот-фактурада заңды тұлғаның деректемелері көрсетілуге тиіс.
Егер заңды тұлға атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің беруші ретінде оның құрылымдық бөлімшесі әрекет етсе және заңды тұлғаның шешімі бойынша шот-фактураларды жазып беруді осындай құрылымдық бөлімше жүргізген болса, сондай-ақ егер заңды тұлға атынан құрылымдық бөлімше тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің алушы болса:
осы тармақтың 2-1), 3), 3-1) және 4) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындау мақсатында шот-фактурада құрылымдық бөлімшенің деректемелерін көрсетуге жол беріледі;
осы тармақтың 5) тармақшасында белгіленген талаптарды орындау мақсатында құрылымдық бөлімшесі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын қосылған құн салығын төлеуші – заңды тұлғаның қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің сериясы мен нөмірі көрсетілуге тиіс.
6. Акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциз сомасы қосымша көрсетіледі.
Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу кезінде оны ұсынушының:
комитент комиссионерге шот-фактураны жазған кезде - "комитент";
комиссионер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға шот-фактураны жазған кезде - "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, шот-фактура жазылады.
Осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг беруші "Салық кодексінің 78-бабы сақталмаған" деген белгісі бар шот-фактура немесе қосымша шот-фактура жазып береді.
7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және:
қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда – өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтізбелік бес күннен;
электрондық түрде жазып берілген жағдайда – өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтізбелік жеті күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.
Қосылған құн салығын төлеушi:
электр энергиясын, суды, газды, көрсетілетін байланыс қызметтерiн, көрсетілетін коммуналдық қызметтердi, темір жол тасымалдарын, көрсетілетін көлiк-экспедиторлық қызметтердi, вагондар (контейнерлер) операторы көрсететін қызметтерді, магистральдық құбыржол жүйесі бойынша жүктерді тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерді, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
есептелген сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;
осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға бір немесе бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураларды жазып беруге құқылы.
Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
РҚАО-ның ескертпесі!
Абзац 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 05.12.2013 N 152-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз).
РҚАО-ның ескертпесі!
Абзацқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Осы Кодекстің 237-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда шот-фактура осы Кодекстің 237-бабының 1-1-тармағы екінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген қол қойылған құжатта көрсетілген күннен кейін бес жұмыс күнінен ерте емес және кешіктірілмей жазып берiледi.
8. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, шот-фактура:
заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның атауы жазылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрімен, сондай-ақ басшысы мен бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен;
дара кәсіпкерлер үшін – дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы жазылған мөрімен (ол болған кезде), сондай-ақ дара кәсіпкердің қол таңбасымен куәландырылады.
Шот-фактура салық төлеушінің бұйрығымен оған уәкілеттік берілген қызметкердің қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін. Бұл ретте бұйрықтың көшірмесі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушылардың көріп-танысуы үшін қолжетімді болуға тиіс.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактураға қол қоюға уәкілетті адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уәкілетті адам куәландырған көшірмесін беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы жүгінген күні орындауға міндетті.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі салық төлеуші жазып берген шот-фактураны оның шешімі бойынша заңды тұлғаның осындай құрылымдық бөлімшесінің заңды тұлғаның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрімен куәландыруға құқылы.
Жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жазып берген шот-фактура осы Кодекстің 308-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, уәкілетті өкілдің атауы жазылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрімен, сондай-ақ осындай уәкілетті өкіл басшысының және бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен куәландырылады.
Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және есептік саясатқа сәйкес басшы немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік есепті жеке өзі жүргізсе, бас бухгалтердің қолының орнына «көзделмеген» деп көрсетіледі.
Осы тармақтың ережелері электрондық түрде жазып берілген шот-фактураларға қолданылмайды.
9. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, шот-фактурада салық салынатын айналымның мөлшері тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің әрбір атауы бойынша жеке көрсетіледі.
Шот-фактуралар қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 6) – 10) тармақшаларында көрсетілген деректер қамтылған құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмірі мен күніне сілтеме, сондай-ақ оның атауы қамтылуға тиіс.
10. Лизинг беруші өзі беретін лизинг нысанасына жазып беретін шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомасы енгізілместен, қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы негізінде көрсетіледі.
11. Интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзiмдi баспа басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнімін өткізген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін бес күннен кешіктірілмей жазылады.
12. Шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетудің құны және қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі. Сыртқы сауда қызметі жүзеге асырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетудің құнын және қосылған құн салығының сомасын шетел валютасымен қосымша көрсетуге тыйым салынбайды.
13. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура екі данада жазылады, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушыға беріледі.
14. Бұрын жазып берілген шот-фактураға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні және (немесе) сатып алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, оларды беруші қателерді түзету мақсатында бұрын жазып берілген шот-фактураның күшін жояды және ол мынадай талаптарға:
1) бұрынғы нөмірлері мен жазып берілген күні көрсетіле отырып, осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкестігіне;
2) шот-фактурада бұрын жазып берілген шот-фактураны түзету күнінің көрсетілуіне;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қағаз жеткізгіште жазып берілген, түзетiлген шот-фактураны алғаны туралы мынадай растаулардың бірiнiң болуына:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мұндай шот-фактураны осы баптың 8-тармағына сәйкес қол қоюымен және мөрімен куәландырылуының болуына;
мұндай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жіберуіне және оны алғаны туралы хабарламаның болуына сәйкес келуге тиіс түзетілген шот-фактура жазып береді.
Осы Кодекстің 265-бабында көзделген жағдайларда, осы тармақтың ережесі қолданылмайды.
Осы тармақты қолдану мақсатында бұрын жазып берілген шот-фактурадағы:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің және (немесе) сатып алушының сәйкестендіру нөмірін;
берушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәліктің нөмірін өзгерту және (немесе) толықтыру тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні және (немесе) сатып алушыны ауыстыру болып танылмайды.
15. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура жазып беру мынадай жағдайларда:
1) бухгалтерлік есеп жүргізген кезде негіз болып табылатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, коммуналдық қызмет көрсеткені, байланыс қызметін көрсеткені үшін банктер арқылы есеп айырысу жүзеге асырылған;
2) әуе көлігінде берілетін электрондық билетті қоспағанда, жолаушы тасымалдау жол жүру билетімен ресімделген;
3) әуе көлігінде берілетін жолаушы тасымалдау электрондық билетпен ресімделген;
4) осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жағдайларын қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету қолма-қол есеп айырысу арқылы өткiзілген жағдайда сатып алушыға бақылау-кассалық машинаның чегi берiлген;
5) тауар дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;
6) осы Кодекстің 250-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.
16. Осы баптың 15-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге шот-фактура жазып беру туралы талаппен жүгінуге құқылы, ал өнім берушi осы баптың ережелерiн ескере отырып, бұл талапты, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы туралы мәліметтерде сенім білдірілген адам арқылы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сатып алушы дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi.
Осы баптың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы өнім берушіге осындай өнім беруші көрсеткен тасымалдау қызметтері бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мақсатында әуе көлігімен ұшу фактісін растау үшін өнім берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші:
жеке тұлғаның әуе көлігімен ұшу фактісін растайтын құжатты
немесе
жазып берілуі осы баптың ережелері сақталып, оның ішінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде сенім білдірілген адамы арқылы әуе көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе әуе көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алушы дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде жүзеге асырылуға тиіс шот-фактураны тегін жазып беруге міндетті.
16-1. Осы баптың 16-тармағының талаптарын орындау мақсаттарында шот-фактураны жазып беру:
1) осы баптың 15-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – айналым жасалған күні немесе одан кешірек жүзеге асырылады. Бұл ретте шот-фактуралар айналым жасалған күннен кешірек жазып берілген кезде шот-фактураны жазып беру күнімен қатар көрсетілетін қызметтерді беруші айналым жасалған күні қолданыста болған мөлшерлеме бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күнді көрсетеді;
2) осы баптың 15-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны бойынша жүзеге асырылады.
17. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері осы Кодекстің 235-бабында белгіленген.
18. Комиссия шартына сәйкес келетін талаптармен өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді комиссионер жүзеге асырады. Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізінде көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны мыналардың деректерін ескере отырып, жазып береді:
қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактура. Бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады;
қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын растайтын құжат.
Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.
Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны негізінде көрсетіледі.
Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйақысының сомасы негізінде көрсетіледі.
19. Тапсырма шартына сәйкес келетін талаптармен өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураны жазып беруді сенім білдіруші (осы Кодекстің 233-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда - сенім білдірілген адам) осы бөлімде көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
20. Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг берушi көрсетiлген сақталмау орын алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) мүлiктi қаржы лизингiне беру бойынша – қосымша шот-фактураны жазып беруге мiндеттi, онда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi (қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасы қосылмаған) қамтылуға тиiс;
2) мүлiктi қаржы лизингі бойынша сыйақының есепке жазылған сомалары бөлiгiнде қаржы лизингiне беру бойынша - қосымша шот-фактуралар жазып беруге мiндеттi, оларда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi қамтылуға тиiс.
21. Оператор осы Кодекстің 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген (сатып алған) кезде шот-фактура оператордың жеткізуші (сатып алушы) ретіндегі деректемелерін көрсете отырып, осы баптың талаптарына сәйкес жазып беріледі.
Ескерту. 263-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10 N 178-IV, 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз), 2012.01.09 N 535-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 07.03.2014 N 177-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-б. қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 431 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу | Бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу | Бап. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері | Бап. Жекелеген жағдайларда салық салу | Тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ | Бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар | Бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы | Бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Бөлек есептеу әдiсi| Бап. Экспедиторлардың шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)