Читайте также:
|
|
1. Халықаралық тасымалдау бойынша мынадай қызмет көрсетулерді іске асыру жөніндегі айналымға:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;
3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаж тасымалдауға нөлдік ставкамен салық салынады.
2. Егер тасымалдауды ресiмдеу осы баптың 3-тармағында белгіленген бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен жүзеге асырылған болса, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледi.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бірнеше көлік ұйымы жүзеге асырған жағдайда, Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды тасуы, тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауы басталған орын халықаралық тасымалдау басталған орын деп танылады.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан Республикасының аумағына, импортталатын тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымы жүзеге асырған жағдайда, оның көлігімен Қазақстан Республикасының аумағына жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) әкелген көлік ұйымы жүзеге асыратын тасымалдау халықаралық тасымалдауға жатады.
3. Осы баптың мақсаттары үшін:
1) жүктерді тасымалдау кезінде:
халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;
халықаралық және мемлекетаралық теміржол көлігі қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты;
әуе көлігінде – жүкқұжаты;
теңіз көлігінде - коносамент немесе теңіз жүк құжаты;
магистральдық құбыр жүйесі бойынша:
есеп-қисап кезеңi iшiнде экспорттың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарларға декларацияның көшірмесі не есеп-қисап кезеңi iшiнде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға декларация;
орындалған жұмыстардың актiлерi, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерi;
шот-фактуралар;
2) жолаушылар мен багажды тасымалдау кезінде:
автомобиль көлігімен:
тұрақты тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;
тұрақты емес тасымалдау кезінде – жолаушылардың тізімі;
теміржол көлігімен:
Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және почта құжаттарын сату туралы есеп;
халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасында сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;
теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдау үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость және жол жүру мен тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;
әуе көлігімен:
бас декларация;
жолаушы манифесі;
карго-манифест;
лоджит (орталық-тиеу кестесі);
жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті мен багаж квитанциясы) бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттары болып табылады.
4. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді.
Ескерту. 244-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 N 535-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 N 21-V (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу
1. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша айналымға нөлдік ставкамен салық салынады.
Осы баптың ережелері халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін әуежайларға қатысты қолданылады.
2. Осы баптың мақсаттары үшін:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттерді қоса алғанда, шет мемлекеттердің авиакомпаниялары шетелдік авиакомпаниялар деп танылады;
2) әуе кемесінің шет мемлекет шекарасын кесіп өтуі кезінде әуе кемесінің ұшуы халықаралық ұшу деп танылады;
3) тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзілістің болуына немесе болмауына қарамастан, тасымалдауды орындау кезінде жөнелту және межелі пункттері:
екі немесе одан да көп мемлекеттің аумағында;
егер екінші мемлекет аумағында аялдау көзделсе, бір мемлекет аумағында орналасқан әуемен тасымалдау халықаралық әуемен тасымалдау деп танылады.
Егер жөнелту және межелі пункттері Қазақстан Республикасының аумағы болып табылса, осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасы үшінші абзацының ережесі қолданылмайды.
3. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік ставкамен салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде - әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;
тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде - шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі).
Бұл ретте, өтінімде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
өзі тіркелген мемлекетті көрсете отырып, авиакомпанияның атауы;
әуе кемесінің болжамды қону күні.
Форс-мажорлық жағдайлар салдарынан шетелдік әуе кемесі қонған кезде осы тармақшада көзделген өтінім толтырылмайды.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін:
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс тұрақты рейс деп танылады;
тұрақты рейс айқындамасына кірмейтін рейс тұрақты емес рейс деп танылады;
2) мынадай мәліметтер көрсетілуге тиісті шетелдік әуе кемесіне май құюға арналған шығыс ордері немесе қойылатын талап:
авиакомпанияның атауы;
құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері;
әуе кемесіне май құйылған күн;
әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және май құюды жүзеге асырған әуежайдың тиісті қызметі қызметкерінің қолдары;
3) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстерді қоспағанда, халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік әуе кемелеріне май құйылған жағдайда – халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанар-жағармай материалдары құйылғанын растайтын, кеден органының белгісі бар көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;
4) әуежай өткізген жанар-жағармай материалдары үшін шетелдік авиакомпанияның ақы төлеу фактісін растайтын құжат;
5) алып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамының шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен уәкiлеттi орган бекiткен нысанда және тәртiппен өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бойынша) мөлшерiн растайтын қорытындысы.
Бұл ретте, Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстер жүзеге асырылған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамы осы тармақшада көзделген қорытындыны ұсынады.
Ескерту. Кодекс 244-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 167 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Тауарлар экспортын растау | | | Бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу |