Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Резиденттің халықаралық шартты шет мемлекетте қолдану тәртібі

Читайте также:
  1. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  2. Бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі
  3. Бап. Қолдану тәртібі
  4. Бап. Қолдану тәртібі
  5. Бап. Қолдану тәртібі
  6. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі
  7. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі

 

1. Резидент Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте қызметін жүзеге асырған жағдайда, тиісті халықаралық шарттың талаптарын орындаған кезде резидент көрсетілген мемлекетте осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.
2. Халықаралық шарттың ережелері осы Кодекстің 206-бабында белгіленген талаптар орындалған кезде резиденттің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алатын табыстарына қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін осындай тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішті табыс етеді.
Егер тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша уәкілетті органға сатылы түрде тікелей бағынатын салық органында тіркелген жағдайда, резиденттігін растауға салықтық өтінішті осындай салық органына табыс етеді.
Бұл ретте төменде көрсетілген тұлғалар салық органына резиденттігін растауға салық өтінішімен қоса мыналардың:
1) өзінің тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқаны негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға - заңды тұлғаны тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе осы сияқты органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттардың);
2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы - жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы паспортының;
3) резидент болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам:
жеке куәлігінің немесе паспортының;
Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың);
Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса) нотариаттық куәландырылған көшірмелерін табыс етуге міндетті.
4. Резиденттігін растауға салықтық өтінішті қарау қорытындылары бойынша салық органы оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде:
1) тұлғаға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты береді.
Салық органы тұлғаның резиденттігін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап ету мерзімі шегінде резиденттігін растауға салықтық өтініште көрсетілген әрбір күнтізбелік жыл үшін растайды;
2) тұлғаның резиденттігін растаудан бас тарту туралы негізделген шешім шығарады.
Салық органы тұлға осы Кодекстің 189-бабында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайда, тұлғаға резиденттігін растаудан бас тартады.
4-1. Резиденттігін растайтын құжат жоғалған жағдайда, осындай құжатты берген салық органы резидент өтінішті табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде оның телнұсқасын береді.
5. Егер резидент шет мемлекеттегі табыстарға салық салу тиісті халықаралық шарттың ережелеріне қайшы келеді деп есептесе, ол шет мемлекеттің ішкі заңнамасында көзделген қорғану құралдарына қарамастан, шет мемлекеттің құзыретті органына немесе уәкілетті органға халықаралық шарт ережелерінің өз табыстарына салық салуға қатысты қолданылуының заңдылығы туралы мәселені қарау туралы өтінішпен жүгіне алады.
Ескерту. 225-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 215 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Резидент емес жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстары | Бап. Төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару тәртібі | Бап. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына жекелеген жағдайларда салық салу тәртібі | Бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайы | Бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі | Бап. Резидент еместің табыстарынан табыс салығын бюджетке немесе шартты банк салымына аудару тәртібі | Бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару тәртiбi | Бап. Табыс салығын шартты банк салымынан бюджетке аудару тәртібі | Тарау. РЕЗИДЕНТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | Бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте алынған табыс| Бап. Өзара келісу рәсімі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)