Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу

Читайте также:
  1. Андай ауру науқасты шұғыл түрде психиатриялық стационарға жатқызуды талап етеді?
  2. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  3. Бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру
  4. Бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу
  5. Бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі
  6. Бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою
  7. Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

 

1. Табыстарға салынатын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төленген салықтардың немесе резидент - салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарынан табыс салығының бірдей түрінің сомасы Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу есебіне осындай салықтың төленгенін растайтын құжат болған кезде есепке жатқызылуға жатады.
Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама болып табылады.
Егер шет мемлекеттiң салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегi көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама шет тілде жасалса, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған, қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.
Шет мемлекетте төленген салықтарды корпоративтiк немесе жеке табыс салығын төлеу шотына есепке жатқызу кезінде салық төлеуші осы тармақта көрсетілген анықтаманы камералдық бақылау жүргізу мақсатында салық органының талап етуі бойынша тапсыруға құқылы.
2. Шетелдік салықты есепке жатқызу Қазақстан Республикасында резидент - салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған:
1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған;
2) осы Кодекстің 99-бабына сәйкес түзетуге жататын;
3) шет мемлекетте артық төленген салық сомасы шегінде шет мемлекеттегі осындай табыстардан салықтарды төлеу және (немесе) ұстау фактісіне қарамастан, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жататын табыстарынан берілмейді. Бұл ретте салықтың артық төленген сомасы салықтың іс жүзінде төленген сомасы мен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төлеуге жататын салық сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.
3. Осы бапта көзделген есепке жатқызылатын сомалардың мөлшері әрбір шет мемлекет бойынша жеке айқындалады.
Бұл ретте, салықтың есепке жатқызылатын сомасының мөлшері мынадай сомалардың:
1) резидент - салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарынан салықтың шет мемлекетте іс жүзінде төленген сомасының;
2) Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң осы тарауының және 4 немесе 6-бөлімдерінің ережелеріне, сондай-ақ халықаралық шарт ережелеріне сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан табыс салығы сомасының ең төменін білдіреді.
Салық төлеуші осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде көрсетілген табыс алынуға жататын (алынған) салық кезеңінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізеді.
Көрсетілген табыс осы Кодекске сәйкес танылатын салық кезеңінен басқа салық кезеңінде шет мемлекетте табысты таныған жағдайда, резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес осындай табыс есептелген салық кезеңіне Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізуге құқылы.
4. Шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардан осы мемлекетте төленген табыс салығын есепке жатқызудың жалпы сомасын айқындау үшін резидент корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияға тиісті қосымшаны толтырады.
5. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 223-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 99 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық салынатын табысты анықтау | Бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі | Бап. Резидент емес жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстары | Бап. Төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару тәртібі | Бап. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына жекелеген жағдайларда салық салу тәртібі | Бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайы | Бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі | Бап. Резидент еместің табыстарынан табыс салығын бюджетке немесе шартты банк салымына аудару тәртібі | Бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару тәртiбi | Бап. Табыс салығын шартты банк салымынан бюджетке аудару тәртібі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау. РЕЗИДЕНТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ| Бап. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте алынған табыс

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)