Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу

Читайте также:
  1. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  2. Бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру
  3. Бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі
  4. Бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою
  5. Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы
  6. Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету

 

1. Осы Кодекстің 610-бабында белгіленген мөлшерде және тәртіпте есептелген өсімақылар сомасы ол есептелген кезең көрсетіле отырып, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында көрсетіледі.
2. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды есепке алу әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы негізінде жүргізіледі.
3. Есептелген айыппұл сомалары салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бұзушылық жіберілген тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша көрсетіледі.
4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте есептеледі.
5. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдарды, айыппұлдарды салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотына есепке алу осы Кодекстің 591-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 593-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз).

 

Бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізу

 

Ескерту. 594-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз).

 

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізеді. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексеру аяқталған соң сол күні салық төлеушіге уәкілетті орган бекіткен нысанда салыстырып тексеру актісі беріледі.
2. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан мәліметтерді және салық төлеуші (салық агенті) туралы деректерді көрсете отырып, салыстырып тексеру актісін екі дана етіп жасайды.
3. Салыстырып тексеру актісінде салық төлеушінің (салық агентінің) және салық органының деректері бойынша алшақтық болмаған жағдайда, салыстырып тексеру актісіне салық органының есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды адамы және салық төлеуші (салық агенті) қол қояды. Салыстырып тексеру актісінің бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, екінші данасы салық органында қалады.
4. Салық төлеушінің (салық агентінің) деректері мен салық органы деректерінің арасында алшақтық болған жағдайда, алшақтықтың күні, сомасы және себебі көрсетіледі. Салық органы мен салық төлеуші (салық агенті) алшақтықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотының деректерін тиісті түзету арқылы туындаған алшақтықтарды жою бойынша шаралар қолданады.
5. Туындаған алшақтықтарды жою аяқталған соң салық органы қайтадан салыстырып тексеру актісін жасайды және осы бапта белгіленген тәртіппен салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етеді.
Ескерту. 594-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз).

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 157 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару | Бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою | Бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою | Бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару | Бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою | Бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару | Бап. Әрекетсіз салық төлеуші | Бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi | Бап. Салық нысандарын қабылдау | Бап. Камералдық бақылау нәтижелерi |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын ашу және жүргізу| Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)