Читайте также:
|
|
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі бойынша ашылады және салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша жүргізіледі.
2. Дербес шот салық төлеушіге (салық агентіне) бересі немесе артық төлеу сомасын қамтитын есеп-қисаптар сальдосы көрсетіле отырып, ағымдағы жылдың басында және салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттер туындаған күні ашылады. Салық төлеушінің (салық агентінің) бересісі немесе артық төлеуі болмаған жағдайда есеп-қисаптар сальдосы нөлге тең деп есептеледі.
Ағымдағы жылдың алдындағы жыл үшін дербес шоттың сальдосы ескеріле отырып, ағымдағы жыл үшін дербес шотта көрсетілген салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар сомаларының төленгендері (есепке жатқызылғандар мен қайтарылғандарды алып тастағанда) мен есептелгендері, қоса есептелгендері (кемітілгендерін алып тастағанда) арасындағы оң айырма артық төлем деп танылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі.
3. Егер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша ағымдағы жылдың алдындағы жылы дербес шот жүргізілген болса, онда ағымдағы жылдың дербес шотына ағымдағы жылдың алдындағы жылдың дербес шотынан есеп-қисаптар сальдосы көшіріледі.
4. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында көрсету
күнін, іс-әрекеттің мазмұнын, оның негізінде мұндай көрініс
жүргізілген құжаттың атауын көрсете отырып, есептелген, есепке
жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар көрсетіледі.
5. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты ұлттық валютада жүргізіледі.
6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелеріне сәйкес салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін және (немесе) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шетел валютасымен төлеуді ұсынған жағдайда, дербес шоттағы есеп мынадай тәртіппен:
1) салық есептілігін ұсынған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, есептелген, кемітілген сома;
2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған төлем құжаттарының негізінде төленген сома ұлттық валютада жүргізіледі.
Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы есептелген немесе кемітілген соманы салық есептілігі мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ұсынған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамының өзгеруінен дербес шотта туындаған айырма сомаға түзетуді жүргізеді. Түзету айырмасы төлем жасалған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, айқындалады.
Ескерту. 589-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз).
Бап. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген сомаларын есепке алу
Ескерту. 590-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз).
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарындағы салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген сомаларын есепке алу салық есептілігі деректерінің, мемлекеттік уәкілетті органдар мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 267-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 451-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген кемітуді қосылған құн салығын төлеуші қолданған жағдайда қосылған құн салығын төлеушінің дербес шотындағы салық есептілігі деректерінің негізінде:
1) есептелген сома ретінде – бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы (осы Кодекстің 267-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 451-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген кемітуді қолданбай);
2) кемітілген сома ретінде – осы Кодекстің 267-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 451-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген кеміту сомасы есепке алынуға жатады.
Ескерту. 590-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз).
Бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомаларын есепке алу
Ескерту. 591-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз).
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомаларын есепке алу:
1) салықтық тексеру нәтижелері туралы;
2) тарату салықтық есептілік ұсынылған күннен бастап салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің есепке жазылған сомалары туралы:
3) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға шағымды қарау
нәтижесі бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы (бұдан әрі осы баптың
мақсатына орай осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген хабарламалар бойынша есептелген сома – есептелген сома) хабарламалардың негізінде жүргізіледі.
2. Есепке жазылған соманы есепке алу салықтық тексерудің аяқталған күні көрсетіле отырып және осы Кодекстің 93 және 94-баптарында белгіленген тәртіппен шағым беру мерзімдері ескеріле отырып жеке шотта жүргізіледі.
Салық төлеуші осы Кодекстің 608-бабының 3-тармағында көрсетілген таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен келіскені туралы өтінішті табыс еткен кезде, есепке жазылған сомаларын есепке алу осындай өтінішті табыс еткен күннен бастап салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотында жүргізіледі.
3. Шағым жасалған жағдайда дербес шоттағы есептелген сома салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру күні мен деңгейі бойынша, сондай-ақ шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім ескеріле отырып көрсетіледі.
4. Есепке жазылған сома салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында шағым беру және оны қарау үшін көзделген кезеңде және мерзімде оның орындалу мерзімдерінің тоқтатыла тұруы ескеріле отырып көрсетіледі. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мұндай есепке жазылған сомаға қолданылмайды.
5. Салық төлеуші (салық агенті) шағым беру мерзімі өткеннен кейін мұндай шағым бермеген жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бұрын салық міндеттемесін орындау мерзімі тоқтатыла тұрып есептелген соманы қалпына келтіру бойынша есепке алу жазбасы жүргізіледі. Бұл ретте, есептелген соманы есепке алу дербес шоттың есеп-қисаптар сальдосында соманы көрсете отырып жүргізіледі.
Ескерту. 591-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз) Заңдарымен.
Бап. Төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу
Ескерту. 592-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз).
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылған және қайтарылған сомаларын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған:
1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленгені бойынша;
2) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың артық төленген сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;
3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуіне жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;
4) қате төленген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;
5) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өндіріп алу сомалары бойынша төлем құжаттарының негізінде жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 47-бабында белгіленген тәртіппен салықты төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген кезде салық төлеушінің дербес шотындағы салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген салық сомасы оның орындалу кестесі ескеріле отырып көрсетіледі. Салық төлеу мерзімі өзгерген кезеңде салық органы салық төлеушіге өсімпұлды есептеуді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбайды.
3. Салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын осы Кодекстің 31-бабының 9-тармағына сәйкес шетел валютасында көрсету салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған төлем құжаттары негізінде ұлттық валютада жүргізіледі.
Ескерту. 592-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз).
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 149 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Камералдық бақылау нәтижелерi | | | Бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу |