Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi

Читайте также:
  1. GPON негіздік маманданым және өзгешеліктері
  2. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  3. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  4. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарынан басқа, резидент еместі қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде, уәкілетті органды сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы олардың ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Салық төлеушілер туралы, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға олардың осы тармақшада және осы баптың 3), 4), 6), 9) және 12) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ұсынылады.
Техникалық проблемалар салдарынан көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы мұндай электрондық байланыс арналары арқылы хабардар ету мүмкін болмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;
2) резидент еместердің жинақ шоттарынан және (немесе) шет ел банктерінің корреспонденттік шоттарынан басқа, оның негізінде банк қолма-қол ақша қабылдау және беру жүргізілетін вексельдер мен төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында сәйкестендіру нөмірі жоқ банк шоттары бойынша операциялар жүргізбеуге;
3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларына және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.
Төлем құжатында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі уәкілетті мемлекеттік органның деректерімен сәйкес келмеген не ол болмаған жағдайда банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осындай төлем құжатының акцептінен бас тартады;
3-1) көлік құралына салық төлеуге төлем құжаттарын қабылдаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органның деректеріне сәйкес көлік құралының сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.
Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлем құжатында көрсетілген көлік құралының сәйкестендіру нөмірі жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган ұсынған деректерге сәйкес келмеген жағдайда, көлік құралына салық төлеуге арналған төлем құжатының акцептінен бас тартады;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің банк шоттарын жабу кезінде хабарлардың кепiлдік беріліп жеткiзiлуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, олардың жабылғандығы туралы уәкілетті органды олардың жабылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Техникалық проблемалар салдарынан мұндай ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы аталған шоттардың жабылғандығы туралы хабардар ете алмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;
5) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде, осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалатын, бұл жайында уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша мұндай тану тоқтатылған есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етуге;
6) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарындағы ақшасы жеткілікті болған кезде, бірінші кезектегі тәртіппен банк шотынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмасын орындауға міндетті. Салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органдарының инкассалық өкімдері де осындай тәртіппен салық органдарының нұсқамасы алынған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірілмей орындалуға міндетті.
Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарында ақшасы жоқ немесе жеткілікті болмаған жағдайда, банк ақшаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен салық берешегін өтеу есебіне алып қоюды жүргізеді;
7) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың сомаларын:
төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күні аударуға;
төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларда салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығарған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;
банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассасына қолма-қол ақша енгізу күнінен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;
8) нұсқамасы болған кезде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшасының бар-жоғын және банк шоттары бойынша жасалатын операцияларын тексеруге салық қызметі органдарының лауазымды адамын жіберуге;
9) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу жөніндегі операциялардан басқа, банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
10) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттеме тоқтатылған күнге дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушыға берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелердің тоқтатылуы кезінде қарыз алушының орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органын күнтізбелік отыз күн ішінде тоқтатылған міндеттеменің мөлшері туралы хабардар етуге міндетті.
Осы тармақшаның ережелері міндеттемені орындау жолмен ол тоқтатылған кезде қолданылмайды.
11) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, осы Кодекстің 216-бабы 4-тармағында көзделген тәртіппен және мерзімде банк сыйақыларын есептегені туралы салық агенті орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органдарына есеп пен мәліметтер беруге;
12) салық қызметі органының сауал салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде: V080005502
салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
салық салуға байланысты мәселелер бойынша – дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның;
осы Кодекстің 37-1 және 43-баптарына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері қолданылатын дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның;
орналасқан жері бойынша шын мәнінде жоқ екендігі осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен расталған және салық есептілігін ұсынудың осы Кодексте белгіленген мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін, осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, осы есептілікті ұсынбаған дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған әрекетсіз жеке тұлғаның, заңды тұлғаның;
заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамның және оның жұбайының (зайыбының);
мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамның және оның жұбайының (зайыбының);
өз өкілеттіктерін орындаған кезеңде мемлекеттік қызметті атқаратын адамның және осы кезеңде оның жұбайының (зайыбының);
жазаны өтеу орнынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуға міндетті.
Осы тармақшада көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген нысанда беріледі.
13) уәкілетті органның сайтында өзі туралы ақпарат орналастырылған әрекетсіз салық төлеушіге және осы банкте ашық банк шоты бар, салық қызметінің органдары салық төлеушінің банк шоттары бойынша инкассолық өкім немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық төлеушіге банк шоттарын (корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарын қоспағанда) ашудан бас тартуға міндетті.
Осы баптың мақсаттары үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.
Ескерту. 581-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі); 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2013.01.08 N 64-V (2013.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.02.2013 № 75-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

Бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық төлеушiні тiркеудi және оны тіркеу есебіне алуды жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы

 

Салық қызметi органдары салық төлеушінi тiркеу және тіркеу есебі кезiнде мынадай:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептік тiркеуді, қайта тiркеудi, есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын;
2) мемлекеттік статистика саласындағы;
3) салық салу объектiлерiн және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын, оның ішінде:
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;
жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеуді;
радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркеуді;
ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді;
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуді;
шығармалар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, шығармалар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді;
бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды жүзеге асыратын;
4) лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат беру мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн, оның ішінде:
жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануға рұқсат;
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат;
арнайы табиғат пайдалануға экологиялық рұқсат;
орман пайдалануға арналған ағаш кесу билеттерi және орман билеттерi;
сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастыруға рұқсат;
радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат;
т елевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат;
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүруіне рұқсат;
жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация жүйесінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысына құқық беретін;
кеме жүзетін су жолдарын пайдалануға рұқсат беретін;
5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi жүзеге асыратын;
6) азаматтық хал актiлерiн тiркеудi жүзеге асыратын;
7) нотариаттық iс-әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;
8) қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыратын;
9) көлік және коммуникация;
10) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын;
11) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын;
12) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды.
Ескерту. 582-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.16 N 186-IV, 2010.03.19 № 258-IV, 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.06 N 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың салық қызметi органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi

 

Ескерту. 583-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тiркеуді, қайта тiркеудi және есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар заңды тұлғаның тіркелген, қайта тіркелген, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуы мемлекеттік тіркелген, құрылымдық бөлімше есептік тiркеуге қойылған, қайта тіркелген, есептік тiркеуден шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаның тіркелгені, қайта тіркелгені, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуының мемлекеттік тіркелгені, құрылымдық бөлімшенің есептік тiркеуге қойылғаны, қайта тіркелгені, есептік тiркеуден шығарылғаны туралы мәліметтерді электрондық хабарлама арқылы салық қызметі органына, банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға табыс етуге мiндеттi.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, лицензияларды, куәлiктердi немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды берудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (тоқтатылған) салық төлеушiлер және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер алынатын (өндiрiлiп алынатын) объектiлер туралы мәлiметтердi осы Кодекстiң 19-бөлiмiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмде және уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша өздерiнiң орналасқан жерiндегi салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беруді жүзеге асыратын ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мерзiмде және нысандар бойынша өздерiнiң орналасқан жерiндегi салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.
3. Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіпте, мерзімде және нысандар бойынша салық қызметі органдарына табыс етуге мiндеттi.
4. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар табыс етілетін мәлiметтерде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми, экологиялық-ағартушылық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарында пайдаланатын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін көрсетуге мiндеттi.
5. Шетелдiктердің келуiн (кетуiн) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган олардың келуiн (кетуiн) тiркегеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей келудiң мақсатын, орнын және болу мерзiмiн көрсете отырып, келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық қызметi органына табыс етуге мiндеттi.
РҚАО-ның ескертпесі!
583-бапты 5-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
6. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, акцияларды немесе қатысу үлестерін сатып алу-сату бойынша мәмілелер жүзеге асырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық агенті болып табылатын резидент емес туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы Кодекстің 197-бабына сәйкес ол бойынша салық міндеттемелері туындайтын мәміленің қатысушылары және оның параметрлері туралы мәліметтерді өзінің орналасқан жері бойынша салық қызметі органына табыс етуге мiндеттi.
7. Сыртқы саясат қызметін жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдігінің орналасқан жері бойынша салық органына осындай дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдіктің аккредиттелгенін және орналасқан жерін растайтын құжаттарды аккредиттелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
7-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тексерілетін салық төлеушіге қатысты салықтық тексеру барысында уәкілетті органның сұрау салуы бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген тәртіппен табыс етеді.
8. Салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке басқа да міндетті төлемдер алынатын (өндіріп алынатын) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну салық қызметі органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара автоматтандырылған іс-қимылына арналған тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілім пайдаланыла отырып, электрондық түрде, уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және нысандар бойынша он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке басқа да міндетті төлемдер алынатын (өндіріп алынатын) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді электронды түрде ұсынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерді қағаз жеткізгіште ұсынуы талап етілмейді.
Ескерту. 583-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 184 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару | Бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою | Бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою | Бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару | Бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою | Бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Әрекетсіз салық төлеуші| Бап. Салық нысандарын қабылдау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)