Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту

Читайте также:
  1. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  2. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
  3. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
  6. Бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың салық міндеттемесін орындау
  7. Бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою

 

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

1. Салық органы дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгертуді дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
2. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті:
1) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген тіркеу деректері және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен дара кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер;
2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықтық өтінішті ұсыну мерзімі осы баптың 2-1-тармағына сәйкес салықтық өтінішті ұсынған кезде қолданылмайды.
2-1. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, мұндай куәлік дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша салық органына ұсынылған салықтық өтініш негізінде ауыстыруға жатады.
Бұл ретте салықтық өтініш осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттар қоса берілместен ұсынылады.
3. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтінішке:
1) дара кәсіпкер - Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылатын құжаттар;
2) жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат – түпнұсқасын көрсете отырып, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Егер дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш электрондық түрде ұсынылған жағдайда, осы тармақта көзделген құжаттар ұсынылмайды.
4. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгертуді, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Егер:
1) дара кәсіпкер осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз салық төлеуші деп танылса;
2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мәліметтерге сәйкес келмесе;
3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде болмаса, салық органдары дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгертуден бас тартады.
5. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Салық органдары осы Кодекстің 565-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуден бас тартады.
Ескерту. 566-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 129 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi | Бап. Салықтық бақылау | Бап. Салық құпиясы | Бап. Салықтық зерттеу | Бап. Куәгерлердің қатысуы | Бап. Жалпы ережелер | Салық төлеушi ретiнде тiркеу | Бап. Резидент еместі салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшелігі | Бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік деректер базасындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру | Бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою| Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)