Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың салық міндеттемесін орындау

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

1. Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат нотариаттық, адвокаттық қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін;
3) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың қызметін тоқтату туралы ақпараттың баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты табыс етеді.
2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
3. Қызметін тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін құжаттық тексеру жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
5. Егер қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, жеке сот орындаушысында, адвокатта салықтың, төлемақылардың және өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жекеше нотариустың, адвокаттың салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.
Егер қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, жеке сот орындаушысында, адвокатта салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
6. Қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, жеке сот орындаушысында, адвокатта салық берешегі болмаған жағдайда:
1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа қайтарылуға жатады;
2) салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа қайтарылуға жатады;
РҚАО-ның ескертуі!
4) тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 297-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
4) айыппұлдардың төленген сомалары қызметі тоқтатылатын осы жекеше нотариусқа, адвокатқа осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға тиіс;
РҚАО-ның ескертуі!
5) тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 297-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары қызметі тоқтатылатын осы жекеше нотариусқа, адвокатқа Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
7. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың салық міндеттемесі, оның салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ болған немесе толық көлемде өтелген жағдайда құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін орындалды деп есептеледі.
8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес салық міндеттемесінің орындалған күні жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты салық органындағы тіркелу есебінен шығару күні болып табылады.
9. Қызметiн тоқтатқан жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат орналасқан жері бойынша салық органына:
1) атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылған банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың мөрін (ол болған кезде) жойғаны туралы құжатты табыс етуге міндетті.
Қызметiн тоқтатқан жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар:
1) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған, орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Қызметін тоқтатқан жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған жағдайда осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
1) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 N 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 145 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық қызметі органдарының құқықтары | Бап. Салық қызметі органдарының міндеттері | Бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі | Бап. Салық міндеттемесін орындау | Бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесінің орындалуы | Бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері | Бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері | Бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы | Бап. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау | Бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау| Бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)