Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері

Читайте также:
  1. Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз.
  2. Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?
  3. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  4. Атерлі жаңа түзілімдері бар балаларды реабилитациялау ерекшеліктері
  5. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  6. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  7. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару

 

1. Осы бап бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі қолданылмайтын қызмет түрлері бойынша табыстар мен шығыстарды, мүлікті бөлек есепке алуды қолданатын, бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылмайтын;
3) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген, қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындаудың ерекшелігін айқындайды.
Осы бап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге қатысты қолданылады. Осы баптың ережелері дара кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бергі кезеңі осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аз дара кәсіпкерлерге қатысты да қолданылады.
2. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) осындай есепке алу болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;
3) таратудың салық есептілігін;
4) мұндай куәлік 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген жағдайда – дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсіндірмені;
5) дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты;
6) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.
Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер бақылау-кассалық машинаны салық органында есепке қойған жағдайда осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжатты табыс етеді.
3. Таратудың салық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды жүргізеді.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
5. Салық органы дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) мемлекеттік уәкілетті органдарға – қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш алынған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;
2) кеден органдарына – қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді табыс ету туралы, сондай-ақ кеден төлемдері және салықтар бойынша салық органының талаптарын алған күннен бұрынғы емес күнге берешегінің жоқ екендігін растау туралы;
3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші алынған күнгі банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауал жіберуге міндетті.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер салық органының қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күніне дейін қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде табыс етіледі.
6. Салық органының осы баптың 5-тармағында көрсетілген сауалдары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.
7. Салық органы барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асыруға және осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасауға міндетті.
Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.
Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы қол қойылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей қолын қойдыра отырып дара кәсіпкерге тапсырылады немесе оған почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.
Салық қызметі органы дара кәсіпкерге почта арқылы хабарламасы бар хатпен жіберген қорытындыны почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен салықтық тексеріп-қарау жүргізілген күн осындай қорытындыны тапсырған күн болып табылады.
8. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда дара кәсіпкерге қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 84-тарауында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.
Дара кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайда құжаттық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте, құжаттық салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
9. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салық берешегі көрсетілген дара кәсіпкердің ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
10. Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.
Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
11. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда:
1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылардың, алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
4) айыппұлдардың төленген сомасы осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.
12. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар болмаған жағдайда орналасқан жерi бойынша салық органына бір мезгілде:
1) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылған банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
2) дара кәсіпкер мөрінің (ол болған кезде) жойылғаны туралы құжатты;
3) тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.
Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған жағдайда, қорытынды алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
13. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек болған жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды толық көлемде жою шартымен салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
14. Осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс ету күні дара кәсіпкерді салық органындағы тіркелу есебінен шығару күні болып табылады.
15. Салық органы осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттар табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушінің тіркелу есебінен шығарылғанын растайтын құжат береді немесе тіркелу есебінен шығарудан бас тарту себептерін көрсете отырып, одан жазбаша түрде бас тартады. Осы баптың 12 және 13-тармақтарында көзделген ережелердің сақталмауы тіркелу есебінен шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 169 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық қызметі органдарының міндеттері | Бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі | Бап. Салық міндеттемесін орындау | Бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесінің орындалуы | Бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері | Бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері | Бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы | Бап. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау | Бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы | Бап. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың салық міндеттемесін орындау| Бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)