Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қосылған құн салығын қайтару
  6. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару
  7. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі

 

1. Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша түрде хабарлайды.
Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде бөліну балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша салық органына сонымен бір мезгілде:
1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін;
3) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені;
4) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару үшін салықтық өтінішті табыс етеді.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар бөліну жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда табыс етіледі.
2. Таратудың салық есептілігі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірмей жүргізіледі.
3. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға таратудың салық
есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізіледі.
4. Салық органы құжаттық тексеруді қайта ұйымдастырылатын
заңды тұлғаның өтінішін өзі алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен
кешіктірмей бастауға тиіс.
5. Бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша салық органына сонымен бір мезгілде:
1) бөліну балансын;
2) банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етеді.
3) алып тасталды - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада бюджетке артық төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары болса, аталған сомалар осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебіне жатқызылады.
Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада бюджетке қате төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары болса, онда аталған сомалар осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есебіне жатқызылады.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық берешегі жоқ болса, онда:
1) бюджетке қате төленген салықтар және басқа да міндетті төлемдер сомалары осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады;
2) бюджетке артық төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленген басқа да міндетті төлемдер сомалары осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады;
РҚАО-ның ескертуі!
4) тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 297-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктің үлесіне барабар түрде қайтарылуға жатады;
5) артық (қате) төленген айыппұл сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар:
1) салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған кезде осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
1) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
6. Салық органы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 595-бабына сәйкес бөліну балансы негізінде жаңадан туындаған заңды тұлғалардың орналасқан жері бойынша салық органына бөлінген заңды тұлғаның жеке есепшоттары бойынша сальдоны береді.
РҚАО-ның ескертпесі!
6-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
6-1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық міндеттемелерін орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.
6-2. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегін өтеуге қатысу үлесін белгілеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) оның салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуге негіз болып табылмайды.
Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 132 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық төлеушінің құқықтары | Бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету | Бап. Салық қызметі органдарының құқықтары | Бап. Салық қызметі органдарының міндеттері | Бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі | Бап. Салық міндеттемесін орындау | Бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесінің орындалуы | Бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері | Бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері | Бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау| Бап. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)