Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі

Читайте также:
  1. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  2. Бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі
  3. Бап. Қолдану тәртібі
  4. Бап. Қолдану тәртібі
  5. Бап. Қолдану тәртібі
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  7. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк

 

1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі алдын-ала салықтық тексеру жүргізбей қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асыру болып табылады.
2. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс еткен:
1) ірі салық төлеушілер мониторингінде кемінде он екі ай қатарынан тұрған және қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс ететін күні салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемелері жоқ қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.
Мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеуші бөліну, бөлініп шығу, қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы қайта ұйымдастырылған тұлғаның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) өтеді.
Мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеушілер қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған барлық заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылуға дейін мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылған жағдайда, қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқықтық мирасқорға өтеді.
Осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында аталған құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға) қатысты қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің жаңа тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін әрекет етеді. Z080000100
Бұл ретте есепті салық кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшердегі қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға жатады;
1-1) қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетiлген, қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияны табыс ету күнi салық есептiлiгiн табыс ету бойынша орындалмаған салық мiндеттемелерi жоқ, осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарының қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;
2) ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңына сәйкес 2016.01.01 дейін тоқтатыла тұрады. 2017.01.01 бастап күшін жояды (тоқтатылған редакцияны ҚР Салық кодексінің № 13 архивтағы нұсқасын қараңыз).
3) ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңына сәйкес 2017.01.01 дейін тоқтатыла тұрады (тоқтатылған редакцияны ҚР Салық кодексінің № 13 архивтағы нұсқасын қараңыз).
3. Оңайлатылған тәртіппен қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару мынадай мерзімдерде:
1) осы баптың 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында аталған қосылған құн салығын төлеушілерге – салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны салық органына табыс ету үшін осы Кодексте (ұзарту кезеңін ескере отырып) белгіленген соңғы күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
2) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушілерге – салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс ету үшін белгіленген соңғы күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Қосылған құн салығы жөніндегі декларация уақтылы табыс етілмеген жағдайда, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларация табыс етілген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушілерге – салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларация салық органына табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 274-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Бап. Грант қаражаттары есебiнен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару

 

1. Грант қаражаттары есебiнен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша:
1) грант алушыға – Қазақстан Республикасының грант беру туралы халықаралық шартына сәйкес бенефициар болып табылатын мемлекеттік органға, егер Қазақстан Республикасының аталған халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, орындаушыны тағайындаушыға;
2) орындаушыға – грантты іске асыру үшін грант алушы болып тағайындалған тұлғаға (бұдан әрі – орындаушы) төленген қосылған құн салығын қайтару жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, грант қаражаты есебiнен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыларға төленген қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары, егер бiр мезгілде мынадай шарттар сақталса:
1) грант қаражаты есебінен тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алынған грант мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берілсе;
2) грант тек қана тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу үшін беріліп, олар сол мақсаттарда ғана сатып алынса;
3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүзеге асырылса, грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қайтарады.
3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтару грант алушыларға немесе орындаушыларға осы Кодекстің 599, 604-баптарында көзделген тәртiппен, қосылған құн салығының грант қаражаттары есебiнен төленгенін растайтын құжаттар негiзiнде жүргiзiледi.
4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтару үшін грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтінішке қоса грант алушы немесе орындаушы орналасқан жері бойынша салық органына мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет, шет мемлекет үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйым арасындағы грант беру туралы шарттың көшірмесін;
2) грант алушы не орындаушы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушымен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесін;
3) қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтінішпен жүгінуі кезінде оның орындаушы ретінде тағайындалуын растайтын құжаттың көшірмесін;
4) тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тиеп жөнелтілгенін және алынғанын растайтын құжаттарды;
5) қосылған құн салығының сомасын бөлек жазып көрсете отырып, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын ұсынушы жазып берген шот-фактураны;
6) жүкқұжатын, тауар-көлік жүкқұжатын;
7) грант алушының немесе орындаушының материалдық жауапты адамының тауарды алғанын растайтын құжатты;
8) белгіленген тәртіппен ресімделген, грант алушы немесе орындаушы орындаған және қабылдаған тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің актілерін;
9) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алғаны үшін ақының төленгенін, оның ішінде қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды табыс етеді.
Осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтаруды қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын грант алушы немесе орындаушы да жүргізеді.
Ескерту. 275-бапта мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Бап. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне және олардың персоналына қосылған құн салығын қайтару

 

Ескерту. 276-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне (бұдан әрі – өкілдіктер) және дипломатиялық, осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға (бұдан әрі – персонал), олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер – олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарлар, орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін қосылған құн салығын қайтару, егер осындай қайтару Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда немесе қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру кезінде өзара түсіністік принципін растайтын құжаттарда көзделген болса, жүргізіледі.
Қосылған құн салығын қайтаруды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бекіткен тізбеге енгізілген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады.
2. Өзара түсіністік принципі негізінде, бірқатар өкілдіктерге қатысты қосылған құн салығын қайтарудың мөлшері мен шарттары бойынша шектеулер белгіленуі мүмкін.
Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі уәкілетті органның келісімі бойынша бекітеді.
3. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын қоса алғанда, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген әрбір жеке шот-фактурада және төлеу фактісін растайтын құжаттарда сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және шот-фактураны жазып беру күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерін құраған және одан асып түскен жағдайларда, өкілдіктерге қосылған құн салығы қайтарылады.
Осы тармақта белгіленген шектеулер байланыс, электр энергиясы, су, газ және өзге де коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеуге қолданылмайды.
4. Салық органдары өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттар (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралар, төлеу фактісін растайтын құжаттар) көшірмелерінің негізінде қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асырады.
Өкілдіктер персоналының мүшелеріне қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген аккредитттеу құжаттарының көшірмелері қосымша табыс етіледі.
Өкілдіктер есепті тоқсан ішінде сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қағаз жеткізгіште тоқсан сайын жасайды, мөрмен куәландырылады және оған басшы не өкілдіктің соған уәкілеттік берген лауазымды адамы қол қояды.
Өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостар (тізілімдер) қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, өкілдік персоналы мүшесінің (мүшелерінің) Қазақстан Республикасында болу мерзімінің аяқталу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына беріледі.
5. Өзара түсіністік қағидаты расталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымы Қазақстан Республикасында тіркелген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазылған шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) ілеспе құжатпен бірге береді.
6. Өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымынан жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салық органдары жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін тексергеннен кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына қосылған құн салығын қайтару және (немесе) қайтарудан бас тарту туралы хабарлайды.
Қосылған құн салығының сомаларын қайтарудан бас тартылған жағдайда, салық органдары қандай бұзушылықтар жіберілгенін және оларға қандай құжаттар бойынша жол берілгенін хабарлайды.
7. Өкілдіктер табыс еткен құжаттарда бұзушылықтар анықталған, оның ішінде қосылған құн салығының сомалары бөлек жазып көрсетілмеген жағдайда, салық органдары тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыға қарсы тексеру жүргізеді.
Егер қарсы тексеру жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар осы баптың 6-тармағында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жойылмаған болса, қосылған құн салығын қайтару бұзушылық анықталмаған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.
Егер бұзушылықтар қарсы тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса табыс етілген қосымша жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) негізінде жүргізіледі.
Тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген тоқсанның ішінде қайтаруға ұсынылмаған қосылған құн салығының сомасын өкілдіктер қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса табыс етілген жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) негізінде қайтаруға ұсынуы мүмкін.
8. Өкілдіктер құжаттарды салық органына мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жолдайды.
Шет тілдерінде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде өкілдіктің мөрі басылған мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасы табыс етіледі.
9. Қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары өкілдіктердің және (немесе) өкілдік персоналының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының банктерінде ашқан тиісті шоттарына жүргізеді.
Ескерту. 276-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Тарау. Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын салу ерекшеліктері

 

Ескерту. 8-бөлім 37-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 181 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы | Бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету | Бап. Бөлек есептеу әдiсi | Бап. Шот-фактура | Бап. Экспедиторлардың шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері | Бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын төлеу тәртібi | Бап. Салық декларациясы | Бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі | Бап. Қосылған құн салығын қайтару |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару| Бап. Жалпы ережелер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)