Читайте также:
|
|
1. Мынадай жағдайларда:
1) салық салынбайтын айналымның мақсаты үшін пайдаланылғандарды қоспағанда, салық төлеуші салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің болуына байланысты осы Кодекстің 260 және 261-баптарына сәйкес барабарлық әдісті қолданғанда, салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша;
2) тауарлар бүлінген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда) олар бойынша;
3) табиғи монополия субъектісі нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;
4) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) жарғылық капиталға үлес ретінде берілген мүлік бойынша;
8) осы Кодекстің 239-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиеттерiнiң) нашарлауы, соның салдарынан осы тауардың салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмей қалуы тауардың бүлiнуiн бiлдiредi.
Салдары тауардың жойылуына немесе ысырап болуына әкеп соққан оқиға тауардың жоғалуы деп түсініледі. Салық төлеушi табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалары шегiнде шеккен тауарлар ысырабы жоғалту болып табылмайды.
3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған жағдайлар басталған сол салық кезеңiнде жүргiзiледi.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) – 3) және 7) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету:
1) осы баптың 4-1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, тауар-материалдық қорлар бойынша – түзету жүзеге асырылған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін сол күнгі тауар-материалдық қорлардың баланстық құнына қолдану жолымен айқындалатын қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде;
2) сатып алынған негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша – көрсетілген активтер сатып алынған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін олардың түзетілу күнгі қайта бағалау мен құнсыздану ескерілмеген баланстық құнына қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.
4-1. Осы баптың 1-тармағының 1) – 3) және 7) тармақшаларында белгіленген жағдайлар басталған жекелеген активтер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету осы тармақта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Бұл ретте осы тармақтың мақсаты үшін қосылған құн салығын төлеуші салған (құрған) негізгі құралдар, материалдық емес активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар жекелеген активтерге жатады.
Егер тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тек қосылған құн салығы қамтылған бағалар бойынша және қосылған құн салығы мөлшерлемесінің бірдей мөлшері бойынша сатып алынған болса, онда есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы жекелеген активті салуға (құруға) пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін жекелеген активтің түзетілу күнгі баланстық құнына қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.
Қалған жағдайларда есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы жекелеген активті салуға (құруға) пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының есептік құнына қолдану арқылы есептелген қосылған құн салығының сомасын қосу жолымен айқындалады.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының есептік құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Қ топ 1, 2,… n = (Қ б х У топ 1, 2,… n),
мұнда:
Қ топ 1, 2,… n – қосылған құн салығының әртүрлі мөлшерлемелері бойынша сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының есептік құны;
Қ б – жекелеген активтің түзетілу күнгі баланстық құны;
У топ 1, 2, … n – жекелеген активтің бастапқы құнындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының үлес салмағы.
Тауарлардың әрбір тобы қосылған құн салығының қолданылған мөлшерлемесіне байланысты тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны бойынша жеке қалыптасады.
4-2. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген жағдайда есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету салық салынатын айналым мөлшерін түзету кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің беруші жазып берген қосымша шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.
5. Осы Кодекстің 231-бабы 3-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 231-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда осы бапта көзделген түзету жүргізілмейді.
Ескерту. 258-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап. Міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәндi мiндеттемелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету
1. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша міндеттемелер мөлшерінің бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері осы Кодекстің ережелеріне сәйкес күмәнді болып танылса, осы Кодекстің 256-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары негізінде есепке жатқызылған қосылған құн салығынан басқа, күмәнді міндеттемелер мөлшеріне сәйкес мөлшердегі тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы міндеттемелер туындаған күннен бастап үш жыл өткен соң есептен шығарылуға жатады.
2. Егер қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тасталғаннан кейiн қосылған құн салығын төлеушi тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеген жағдайда, осы аталған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетілген бойынша салық сомасы ақы төленген сол салық кезеңiндегi есепке жатқызылуда қалпына келтiрiлуге жатады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген міндеттемелерді қоспағанда, міндеттемелерді есептен шығару кезінде, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.
4. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеме қосылған құн салығын төлеуші – өнiм берушi банкрот деп танылған күнге толық немесе ішінара қанағаттандырылмаса, онда осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген қосылған құн салығын қоспағанда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен алып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеуші – өнiм берушiні Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.
5. Осы бапта көзделген түзету тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша түзету жүргізілетін айналым жасау кезінде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші жазып беретін шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының ставкасы бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 259-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап. Қосылған құн салығы салынбайтын өткізу бойынша айналымдар болған кезде қосылған құн салығын есепке жатқызу тәртібі
1. Салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша өнім берушіге төленуге жататын және импорт бойынша қосылған қүн салығы, осы Кодекстің 257-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, есепке жатқызылмайды.
2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушінің таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек әдіспен есепке жатқызылады.
Есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған әдісі күнтізбелік жыл ішінде өзгертілмеуге тиіс.
3. Осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу бойынша айналымдар салық салудан босатылатын объектілер құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші салық салынатын айналымдардың және осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызудың бөлек әдісін қолдануға міндетті.
4. Қосылған құн салығын төлеушіде:
салық салынатын айналымдар;
осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес салық салудан босатылатын айналымдар;
басқа да салық салынбайтын айналымдар болған жағдайда, қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын айналымдарды қоспағанда, салық салынатын айналымдар мен салық салынбайтын айналымдар бойынша есепке жатқызудың барабарлық әдісін қолдануға құқылы.
5. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінде есепке жатқызудың барабарлық және бөлек әдістерін бір мезгілде пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушілер айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын айқындаған кезде есепке жатқызудың бөлек әдісі қолданылатын айналымдарды ескермейді.
Бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызудың барабарлық әдісін қолданған кезде айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын айқындау үшін салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың жалпы сомасы ескеріледі.
6. Осы бапқа сәйкес есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы осы Кодекстің 100-бабының 12-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі.
Ескерту. 260-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 157 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы | | | Бап. Бөлек есептеу әдiсi |