Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жекелеген жағдайларда салық салу

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.22 N 21-V (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісімшарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өзі өндірген тауарларды өткізу бойынша айналымға салынады.
Егер, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, нөлдік ставка бойынша осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға салық салынады.
Осы баптың мақсатында қосылған құн салығын төлеушінің өзі өндірген және өндіріс процесінде пайдаланылған және өндірілген өнімнің (тауардың) құрамына кірген, Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес келетін шикізаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенінің деңгейінен ерекшеленетін сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бар өнім (тауар) өзі өндірген тауар болып танылады.
Осы тармақта аталған салық төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
1-1-тармақ 2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2012.06.22 N 21-V Заңының 2-б. қараңыз)
1-1. Нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы осы Кодекстiң 308-1-бабының 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының өндірген және өткізген тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердiң аумағына өткізуі бойынша айналымға салынады.
Осы тармақта көрcетiлген қосылған құн салығын төлеушiлердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
РҚАО-ның ескертпесі!
1-2-тармақ 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2012.06.22 N 21-V Заңының 2-б. қараңыз)
1-2. Нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушінің бұрын осы салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және Кеден одағына мүше осындай басқа мемлекет аумағында өңдеген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымға салынады.
Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған салық төлеушілерге:
1) берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалану келісімшартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, жер қойнауын пайдалану келісімшартының талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын келісімшарт шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарлар беру шарты;
2) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп жөнелтілгенін растайтын тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;
3) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады.
3. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген тұрақсыз конденсаттың өткізілуін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
РҚАО-ның ескертпесі!
1)-3) тармақшалар 2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2012.06.22 N 21-V Заңының 2-б. қараңыз)
1) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты беруге арналған шарт (келісімшарт);
2) құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат санын есепке алу құралдарының көрсетілімдерін алу актісі;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбырлар жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдау-тапсыру актісі.
Құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат санын есепке алу құралдарының көрсетілімдерін алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақ 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2012.06.22 N 21-V Заңының 2-б. қараңыз)
4. Осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген тауарлардың өткізілуін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) олардың негізінде өңдеу өнімдерін өткізу жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);
3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;
4) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбырлар жүйесі арқылы әкетілген жағдайда, тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдау-тапсыру актісі беріледі;
5) аумағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жүзеге асырылған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі – оларды сатып алушыға өңдеу өнімдерінің тиеп жөнелтілгенін растайтын құжаттар;
6) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарына өткізілген өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;
7) осы Кодекстің 276-13-бабының 8-тармағында көзделген, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
Қайтарылуға жататын қосылған құн салығынан асып кеткен соманы айқындау кезінде Қазақстан Республикасының салық қызметі органының сұрау салуы бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттің салық қызметі өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған салықтық тексерудің нәтижелері ескеріледі.
Ескерту. 245-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 N 21-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 154 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық жинаудағы көмек | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым | Бап. Сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар | Бап. Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді өткiзу орны | Бап. Өткiзу бойынша айналым жасау күнi | Бап. Салық салынатын айналым мөлшерi | Бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету | Бап. Тауарлар экспортын растау | Бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу | Бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері| Тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)