Читайте также:
|
|
1. Егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгілеу заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшерi, мәмiле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгiзбей, өткiзiлетiн тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негiзiнде айқындалады.
2. Тауарлар өтеусіз берiлген кезде, сондай-ақ осы
Кодекстiң 30-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, салық салынатын айналым мөлшерi, оларға қосылған құн салығы енгiзілмей, өткiзу бойынша айналым жасау күнi қалыптасқан бағалар деңгейi негiзінде айқындалады, бiрақ олардың баланстық құнынан кем болмауға тиіс.
Осы тармақтың мақсаты үшiн тауарларды өткiзу күнiне бухгалтерлiк есепте көрсетiлген тауарлардың құны баланстық құн болып табылады.
2-1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің салық салынатын айналым мөлшерi осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындауға пайдаланылған, сатып алынуы кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізінде айқындалады.
Бұл ретте тіркелген активтер салық салынатын айналымға енгізу үшін өтеусіз пайдалануға берілген жағдайда, олардың құны мынадай тәртіппен айқындалады:
Қ та = (ҚҚС са / Мпқ) * (Тн) / (ҚҚС%),
мұнда:
Қ та – өтеусіз пайдалануға беру кезінде салық салынатын айналымға енгізілетін тіркелген актив құны;
ҚҚС са – тіркелген активтерді сатып алу кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;
М пқ – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, күнтізбелік айлармен есептелген тіркелген активті пайдалы қолдану мерзімі;
Тн – есепті салықтық кезеңіне келетін, пайдалануға беру айларының нақты саны;
ҚҚС % – қосылған құн салығының пайдалануға беру күні қолданылатын, пайызға шаққандағы мөлшерлемесі.
3. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша талап ету құқығын беру кезінде, беру жүргізілу бойынша талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің алғашқы құжатына сәйкес талап ету құқығын беру күніне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3-1. Осы Кодекстің 231-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда салық салынатын айналым мөлшері:
кәсіпкерлiк қызметті шектеу немесе тоқтату туралы шарт бойынша;
кредит (қарыз, микрокредит) беру туралы шарт бойынша сыйақы негізінде айқындалады.
4. Кепiл берушiге кепiлдіктегі мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi өткізілетін кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негізінде оған қосылған құн салығы енгiзiлмей, айқындалады.
5. Тауарды бөлiп-бөлiп төлеу шарттарымен өткiзген кезде салық салынатын айналым мөлшерi, шарт талаптарында көзделген барлық тиесiлi төлемдер ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
6. Yшiншi тұлғалар үшiн төлеуге байланысты қызмет көрсетулер кезінде салық салынатын айналымның мөлшерiне комиссиялық сыйақы қосылады.
7. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
Алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша қызметтер көрсететін, осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетiн тауарды өндірушінің салық салынатын айналым мөлшерiне алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын осындай тауарларды берген кезде осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлеуге жататын (төленген) акциз сомасы енгізілмейді.
8. Тауарларды сатып алу күні қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық салық заңнамасына сәйкес олар бойынша сатып алу кезінде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы есепке жатқызылмайтын тауарларды өткiзу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi тауардың өткiзiлу құны мен осы баптың 2-тармағына сәйкес белгiленетiн баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
9. Қосылған құн салығынсыз сатып алынған жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын берген кезде өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 87-бабында көзделген тәртіппен жер учаскелерін өткізу кезіндегі құнның өсімі ретінде айқындалады.
9-1. Заңды тұлға жеке тұлғалардан сатып алған автомобильдерді жеке тұлғаға өткізген кезде өткізу бойынша айналым автомобильдерді өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
10. Қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:
1) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне – қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлемнің қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген мөлшері негізінде;
2) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне – алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасы негізінде;
3) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне – қаржы лизингі шарты бойынша алынған (алынуға жататын), қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасы мен қосылған құн салығы енгізілмеген барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы мен осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналым жасаудың алдындағы күндерге сәйкес келетін салық салынатын айналымдар мөлшерлерінің сомасы ретінде айқындалатын салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
11. Лизинг алушының (сатушының) негiзгi құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде өткiзу бойынша айналым мөлшерi осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
12. Көлік экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның көлік экспедициясының шарты бойынша сыйақысы негізінде айқындалады.
13. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сату кезінде салық салынатын айналымның мөлшері бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылған кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сату кезінде берілген мүліктің:
1) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырмаға ұлғайтылған;
2) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырмаға азайтылған баланстық құнының негізінде айқындалады.
14. Сенім білдірілген тұлға сенім білдірушінің атынан және соның есебінен тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде сенім білдірілген тұлғаның салық салынатын айналымының мөлшері оның тапсырма шарты бойынша сыйақысы негізінде айқындалады.
15. Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде комиссионердің салық салынатын айналым мөлшері оның комиссиялық сыйақысы негізінде айқындалады.
16. Мерзімді баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін, оған қоса олардың жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердің интернет-ресурсында орналасқан өнімдерін өткізген кезде салық салынатын айналымның мөлшері есепті салық кезеңінде мерзімді баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің өткізілген бөлігіне келетін құны негізінде айқындалады.
17. Осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда мүлікті қаржы лизингіне беру кезіндегі салықтан босатылған айналым мөлшері осы Кодекстің 237-бабының 6-тармағында көрсетілген айналым жасалған күннен бастап салық салынатын болып танылады.
18. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде тауарды әкетуді жүзеге асырған салық төлеушінің осы тауар кері импорттың кедендік рәсімінде әкелінген кезде салық салынатын айналымының мөлшері қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда тауарды экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетілген осы тауар құнының негізінде, әкелінген тауардың экспортты ресімдеген кезде қолданылған өлшем бірлігіндегі көлеміне пропорционалды айқындалады.
19. Шетелдiк валютамен операция осы бөлімнің мақсатында айналым жасалған күнгi валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен – теңгемен қайта есептеледi.
20. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы бөлімнің салық салынатын айналым мөлшерін айқындау (оның ішінде оны түзету) жөніндегі ережелері салық салынбайтын айналым мөлшерін айқындау кезінде де қолданылады.
Ескерту. 238-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 N 152-V(қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 149 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Өткiзу бойынша айналым жасау күнi | | | Бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету |