Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді өткiзу орны

Читайте также:
  1. Бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  2. Бап. Бірлескен қызметті жүзеге асыру
  3. Бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою
  4. Бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару
  5. Бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөнiндегi қызметке салық салу
  6. Бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы
  7. Бап. Салық қызметі органдарының құқықтары

 

1. Мынадай орын:
1) егер тауарды берушi, алушы немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын (жiберетiн) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;
2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны тауарды өткiзу орны болып танылады.
2. Мынадай орын:
1) егер жұмыстар, қызмет көрсетулерді жылжымайтын мүлiкпен тiкелей байланысты болса, осы мүлiктiң орналасқан жерi.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тіркеу орны немесе мұндай мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі міндеттеме болмаған жағдайда - нақты орналасқан жері жылжымайтын мүлік орналасқан жер болып танылады.
Осы баптың мақсатында ғимараттар, құрылыстар, көп жылдық көшеттер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни олардың не мақсатқа арналғанына шамадан тыс нұқсан келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер, сондай-ақ құбырлар, электр беру желілері, ғарыш объектілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жылжымайтын мүлік болып танылады. Бұл ретте осы баптың мақсатында осы тармақшамен жылжымайтын мүлікке жатқызылмаған мүлік жылжымалы мүлік деп танылады;
2) егер олар жылжымалы мүлікпен байланысты болса, жұмыстар, қызмет көрсетулер нақты жүзеге асырылатын орын.
Мұндай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге монтаждау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету жатады;
3) егер осындай қызмет көрсетулер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, білім, дене тәрбиесi немесе спорт саласындағы қызмет көрсетулерге жататын болса, нақты қызмет көрсетулер көрсетiлетін орын;
Осы тармақшаның мақсатында ойын-сауық саласындағы қызмет көрсетулерге ойын-сауық-демалу мақсатындағы қызмет көрсетулер жатады, олар ойын-сауық орындарында (ойын орын-жайлары, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, Интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг клубтары және кинотеатрлар, өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар) көрсетіледі;
4) жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметі жүзеге асыратын орны.
Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы әділет органдарында есептік тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.
Егер жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы резидент емес болса, ал алушы есептік тіркелуі Қазақстан Республикасының әділет органдарында жүргізілген оның филиалы немесе өкілдігі болса, онда өткізу орны Қазақстан Республикасы деп танылады.
Осы тармақшаның ережелері мынадай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге:
зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған құқықтарды беруге;
консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, дизайнерлік, маркетингтік, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін таратуды, интернет-ресурста орналастырылған бұқаралық ақпаратқа қолжетімділікті ұсынуды қоспағанда, ақпарат беру және (немесе) өңдеу бойынша қызмет көрсетулерге;
персоналды беруге;
жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) жалға беруге;
агенттiң тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi, сатып алу, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызмет көрсетулердi жүзеге асыру үшiн шартқа (келiсiмшартқа) негiзгi қатысушының атынан адамдар тарту жөнiндегi қызмет көрсетулерге;
байланыс қызметi көрсетулеріне;
сыйақы үшін кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруге;
радио және телевизиялық қызмет көрсетулерге;
туризмдi ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулерге;
жүк вагондары мен контейнерлерді жалға және (немесе) пайдалануға беру бойынша қызмет көрсетулерге қатысты қолданылады;
5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететiн тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыратын орны жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткiзу орны болып танылады.
Осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлға әділет органдарында есептік тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу есебіне қою негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, осындай тұлғаның кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.
3. Егер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу басқа негiзгi тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзуге қатысты көмекшi сипатта болса, осындай көмекшi өткiзу орны негiзгi тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны болып танылады.
4. Жолаушылар мен багажды, тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдау бойынша қызмет көрсетулер кезінде, ол:
жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінбейтін;
жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкетілмейтін;
жолаушылар, тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданбайтын, талаптарға бір мезгілде сәйкес келген жағдайда жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайды.
5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезiнде бiр тармақшадағыдан артық көрсетілген жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсетулер орны осы тармақшалардың ішіндегі ретi бойынша бiрiншiсі болып айқындалады.
Ескерту. 236-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 178-IV, 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 125 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Резидент еместің табыстарынан табыс салығын бюджетке немесе шартты банк салымына аудару тәртібі | Бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару тәртiбi | Бап. Табыс салығын шартты банк салымынан бюджетке аудару тәртібі | Тарау. РЕЗИДЕНТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | Бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу | Бап. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте алынған табыс | Бап. Резиденттің халықаралық шартты шет мемлекетте қолдану тәртібі | Бап. Өзара келісу рәсімі | Бап. Салық жинаудағы көмек | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар| Бап. Өткiзу бойынша айналым жасау күнi

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)