Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою

Читайте также:
  1. Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?
  2. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  3. Айырбас әлеуметтік байланыстылықтың аса қарапайым көрінісі ретінде
  4. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  5. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  6. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  7. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

 

1. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға қызметтiң мынадай түрлерін:
1) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіруді;
2) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;
3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмін өндiруді;
4) алкоголь өнiмiн көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;
5) темекi өнiмдерiн өндiрудi және (немесе) көтерме сатуды;
6) лотереялар ұйымдастыруды, өткiзуді және лотерея билеттерiн сатуды;
7) ойын бизнесiн;
8) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді;
9) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.
2. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi салық органдарында тiркеу болып табылады.
3. Лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою тиісті лицензиясы болған жағдайда лицензиясының қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жүргізіледі.
4. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою үшін салық төлеуші салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер орналасқан жер бойынша салық органына келу тәртібімен қызметтің жекелеген түрлерін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсырады.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш салық органына егер осы бапта өзгеше көзделмесе, жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып табыс етіледі:
1) осы баптың 1-тармағы 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген қызметтi жүзеге асырған кезде - меншік құқығын растайтын құжат немесе мұнай өнімдері базасын (ыдысты), автомобильге май құю станцияларын, алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу кезінде қойма (қосалқы, инженерлік-техникалық) үй-жайларды жалдау шарты;
2) осы баптың 1-тармағы 1), 3), 4), 5) (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде - осы баптың 1-тармағы 1), 4), 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялар.
6. Салық органы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіні салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жер бойынша жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне тіркеу карточкасын бере отырып, қояды.
Тiркеу карточкасы - салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң салық органдарында тіркелгенін куәландыратын, жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебіне қойған кезде салық органы беретін қатаң есептілік бланкiсi.
Тіркеу карточкасын салық органы салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып береді.
Тіркеу карточкасының нысанын уәкілетті орган белгілейді.
7. Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемелері (стационарлық орындары) болған жағдайда, тiркеу карточкасы әрбір ойын мекемесіне (стационарлық орынға) беріледі. Стационарлық орын - ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалану арқылы қызмет көрсету бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын орын.
8. Ойын мекемесінің (стационарлық орын) аумағында салық органдарында тіркелмеген салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерді пайдалануға және орналастыруға тыйым салынады.
9. Салық төлеушіде осы баптың 1-тармағы 1)-5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бірнеше салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болған кезде тіркеу карточкасы әрбір салық салу объектiсiне және (немесе) салық салуға байланысты объектiге бөлек беріледі.
Осы баптың мақсаттары үшін салық салуға байланысты объект деп мұнай өнімдері базасы (ыдыс), автомобильге май құю станциясы, сондай-ақ осы баптың 1-тармағы 3)-5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын стационарлық және (немесе) қоймалық үй-жай түсініледі.
10. Лотереялар ұйымдастыру, өткiзу және лотерея билеттерiн сату бойынша қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi оларды сату басталғанға дейiн күнтiзбелiк он күн бұрын лотерея билеттерiнiң әрбiр шығарылымын салық органында тiркетуге мiндеттi.
Ескерту. 574-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 142 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Салық төлеушi ретiнде тiркеу | Бап. Резидент еместі салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшелігі | Бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік деректер базасындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру | Бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастау | Бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою | Бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою| Бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)