Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастау

Читайте также:
  1. азақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы
  2. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  3. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  4. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  6. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті органдардың мәліметтері негізінде немесе оның салықтық өтінішімен мынадай себептер бойынша:
1) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялануы;
2) егер жеке тұлғада Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерi болмаған жағдайда, мұндай тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жеріне кетуі;
2-1) осы Кодекстің 562-бабының 5-2-тармағында көрсетілген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның салық салу объектiлерiне құқықтарының тоқтатылуы;
3) заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталуы немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің есептік тіркеуден шығарылуы;
3-1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (басқару органының нақты орналасқан жерінің) өзгеруі;
4) резидент еместің тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтатуы;
5) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатуы;
6) егер осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген резидент еместің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда, мұндай резидент еместің мүлікке, акцияларға және (немесе) қатысу үлестеріне құқықтарының тоқтатылуы;
7) шетел мемлекетінің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі қызметінің тоқтатылуы;
8) осы Кодекстің 191-бабы 5-тармағына сәйкес резидент еместiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тәуелді агенті арқылы резидент еместің қызметін тоқтатуы;
9) осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген резидент еместің банк хабарламасын алған күннен бастап алты ай ішінде резидент банктерде ағымдағы шоттары болмаған, сондай-ақ ағымдағы шоттарды ашуы туралы мәліметтері болмаған жағдайда, резидент банкте резидент еместің ағымдағы шотының жабылуы бойынша шығарып тастайды.
2. Салық органы салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 3)-8) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды шығарып тастау мақсатында әділет органдарына:
1) Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместі – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;
2) осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген резидент еместі – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін сату туралы мәліметтерінің негізінде;
3) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;
4) Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген шетел мемлекетінің өкiлдiгін – сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген шетел мемлекеті өкiлдiгінің қызметін тоқтатуы туралы мәліметтері негізінде;
5) осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген резидент еместі – тәуелді агенттің тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;
6) резидент банктерде ағымдағы шоттары бар резидент еместі – резидент еместің ағымдағы шотының жабылуы туралы банк хабарламасының негізінде тіркеу есебінен шығару туралы электрондық хабарлама жібереді.
3. Салық органдары осы баптың 2-тармағында көрсетілген резидент еместер туралы мәліметтер көрсетілген электронды хабарламаны әділет органдарына уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді, банктің хабарламасын, тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.
4. Салық органы салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастауды сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәліметтерінің негізінде салық төлеушінің орындалмаған салық міндеттемесі болмаған кезде жүргізеді.
Ескерту. 564-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 141 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару | Бап. Консулдық алым төлеуден босату | Бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi | Бап. Салықтық бақылау | Бап. Салық құпиясы | Бап. Салықтық зерттеу | Бап. Куәгерлердің қатысуы | Бап. Жалпы ережелер | Салық төлеушi ретiнде тiркеу | Бап. Резидент еместі салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшелігі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік деректер базасындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру| Бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)