Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салықтық бақылау

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау
  2. Бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі
  3. Бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою
  4. Бап. Бақылау-касса машинасын пайдалану
  5. Бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері
  6. Бап. Камералдық бақылау нәтижелерi
  7. Бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету

 

1. Салықтық бақылау - Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық қызметі органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.
2. Салықтық бақылау:
1) салықтық тексеру нысанында;
2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:
1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;
2) бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;
3) акцизделетін тауарларға, сондай-ақ авиациялық отынға, биоотынға және мазутқа бақылау;
4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
5) мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау;
6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысаны шеңберінде:
1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
2) салықтық нысандарды қабылдау;
3) камералдық бақылау;
4) ірі салық төлеушілердің мониторингі;
5) салықтық зерттеп-қарау;
6) этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртін есепке алуды бақылау;
7) өтініш берушінің этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау жүзеге асырылады.
5. Салықтық тексеруді жүргізудің жалпы тәртібі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мерзімінің ерекшеліктері осы Кодексте айқындалады.
7. Уәкілетті орган «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
8. Кеден органдары өз құзыреті шегінде осы Кодекске және Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Кеден одағының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуiмен байланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге тиiсті салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
Ескерту. 556-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 393 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары | Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж ставкалары | Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары | Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары | Бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату | Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату | Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату | Бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi | Бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару | Бап. Консулдық алым төлеуден босату |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi| Бап. Салық құпиясы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)