Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары

Читайте также:
  1. Бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары
  2. Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
  3. Бап. Акциз ставкалары
  4. Бап. Алым ставкалары
  5. Бап. Базалық салық ставкаларын түзету
  6. Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
  7. Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары

 

1. Сотқа берiлетiн қуыным арыздардан, ерекше қуыныммен іс жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқарушылық парақтың телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқарушылық парақтарды беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқарушылық парақтардың және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай мөлшерде алынады:
1) мүлiктiк сипаттағы талап арыздардан:
жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 проценті;
заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 проценті;
2) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан – 30 процент;
3) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан – 500 процент;
4) салықтық тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:
дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – хабарламада көрсетiлген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің (өсiмпұлдарды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 проценті;
заңды тұлғалар үшiн – хабарламада көрсетiлген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің (өсiмпұлдарды қоса алғанда) даулы сомасының 1 проценті;
5) некенi бұзу туралы талап арыздардан – 30 процент.
Некені бұзған кезiнде мүлiктi бөлген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай айқындалады;
6) белгiленген тәртіппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап арыздардан – осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
7) тұрғын үйлерді жалға алу шартын өзгерткенi немесе бұзғаны туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, тыйым салынған мүлiктi босату туралы талап арыздардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан – 50 процент;
8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 процент;
9) аралық сот шешiмдерiне шағым жасау туралы арыздардан, төрелік шешiмдердiң күшін жою туралы өтінішхаттардан Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы қуыным арыз берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы қуыным арыз берілген кезде алынатын және арыз беруші даулап отырған сомаға негізделіп есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен – 50 пайыз;
10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж ставкасының 50 процентi;
11) атқарушылық парақтың телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқарушылық парақтарын беру туралы арыздардан – 500 пайыз;
12) сот шешiмдерiнен, үкiмдерiнен, ұйғарымдарынан, соттардың өзге де қаулыларынан көшiрмелердi (телнұсқаларды), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтiнiшi бойынша соттар беретін iстiң басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан – әрбiр құжат үшiн 10 процент, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 3 процент;
13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы, оңалту рәсімін қолдану туралы, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы арыздардан – 500 пайыз.
2. Мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар бір мезгілде көрсетiлген талап арыздар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап арыздар мен мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.
Ескерту. 535-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 151 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Төлемақы төлеушiлер | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Баж алу объектiлерi| Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж ставкалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)