Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Акциз ставкалары

Читайте также:
  1. Акцизы: объект и субъект налогообложения, подакцизные товары.
  2. Бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау
  3. Бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары
  4. Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
  5. Бап. Акциз төлеу мерзiмдерi
  6. Бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау

 

1. Акциз ставкалары заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.
2. Алкоголь өнiмiне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттiң болу көлемiне байланысты бекiтiледi.
3. Спирттің барлық түрiне және шарап материалына акциз ставкалары спирттің және шарап материалының бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
4. Акциз сомасын есептеу мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
1) осы Кодекстің 279-бабының 1)-4), 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:
РҚАО-ның ескертпесі!
01.01.2014 бастап 01.01.2015 дейін акциздердің мынадай мөлшерлемелері қолданылады (ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңының 8-б. қараңыз).

 

 

р/с № КО СЭҚ ТН коды Акцизделетін тауарлардың түрлері Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен)
       
1. 2207-ден 80 көлемдік пайызды немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған) 600 теңге/литр
2. 2207-ден Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) 1,0 теңге/литр
3. 2208-ден 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа) 100% спирт 750 теңге/литр
4. 2207-ден Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті 60 теңге/литр
5. 2208-ден Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер 100% спирт 75 теңге/литр
6. 3003, 3004-тен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім 100 % спирт 500 теңге/литр
7.   Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа) 100% спирт 1000 теңге/литр
8.   Коньяк, бренди 100% спирт 250 теңге/литр
9. 2204, 2205, 2206 00 Шараптар 35 теңге/литр
10. 2204, 2205, 2206 00-ден Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланылатыннан басқа) 170 теңге/литр
11. 2204, 2205, 2206 00-ден Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы 0 теңге/литр
12. 2203 00 Сыра 26 теңге/литр
13. 2202 90 100 1 Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра 0 теңге/литр
14. 2402-ден Фильтрлі сигареттер 3000 теңге/1000 дана
15. 2402-ден Фильтрсіз сигареттер, папиростар 3000 теңге/1000 дана
16. 2402-ден Сигариллалар 3700 теңге/1000 дана
17. 2402-ден Сигаралар 475 теңге/1 дана
18. 2403-тен Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі 3800 теңге/килограмм

 

 

Рет N ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды Акцизделетін тауарлардың түрлері Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен)
       
19. 2709 00-ден Шикі мұнай, газ конденсаты 0 теңге/тонна
20. 8702-ден микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателінің көлемі 3000 текше см-ден асатын моторлы көлік құралдары 100 теңге/ текше см
8703-тен двигателінің көлемі 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)
8704-ден жүкке арналған платформасы және жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары

 

2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға:

 

 

Рет N   1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен)
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 11410 0-2710 11590 0) Дизель отыны (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 3100-2710 19 490 0)
       
1. Өндірушілердің өз өндірісіндегі бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы    
2. Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы    
3. Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы    
4. Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы    
5. Импорт    
6. Осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетiн тауарларды беру    

 

Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болып табылса, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

 

V х 0,730
М = -----------, мұнда:
1000

 

М - өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннадағы көлемі;
V - өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрдегі көлемі;
0,730 - бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болып табылса, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

 

V х 0,769
М = -----------, мұнда:
1000

 

М - өткізілген дизель отынының тоннадағы көлемі;
V - өткізілген дизель отынының литрдегі көлемі;
0,769 - дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Ескерту: тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауар атауымен айқындалады.
Ескерту. 280-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 568 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару | Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Кеден одағында қосылған құн салығын төлеушілер | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау, салық салынатын импортты жасау күні | Бап. Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау | Бап. Тауарлар экспортын растау | Бап. Кеден одағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу | Бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі| Бап. Салық салу объектісі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)