Читайте также:
|
|
Мыналар:
1) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар;
2) тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаушы тұлғалар:
резидент заңды тұлға;
егер ол шарттың (келісімшарттың) тарапы болып табылған жағдайда, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
егер резидент-заңды тұлға мен Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тауарларды алушы болып табылса, осындай заңды тұлғаның тиісті шешімі негізінде резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген резидент емес-заңды тұлға;
Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес-заңды тұлға;
қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға;
сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайда пайда алушылармен сенімгерлік басқару шарттары бойынша қызметін жүзеге асыру шеңберінде тауарларын импорттаушы сенімгерлік басқарушылар;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдары; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемесі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер;
нотариаттық қызметті, атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметті, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импорттайтын жеке тұлға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын көлік құралдарын импорттайтын жеке тұлға Кеден одағында қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.
Ескерту. 276-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап. Салық салу объектілері, салық салынатын айналымды айқындау
Егер осы Кодекстің 276-4-бабында өзгеше белгіленбесе, Кеден одағында қосылған құн салығы салынатын объектілер, сондай-ақ салық салынатын айналым осы Кодекстің 229, 230, 241-баптарына сәйкес айқындалады.
Бап. Кеден одағында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды және салық салынатын импортты айқындау
1. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлар экспорты тауарларды өткізу бойынша айналым болып табылады.
2. Егер осы Кодекстің 276-5-бабының 2-тармағының негізінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылса, осы Кодекстің 231-бабының 2-тармағына сәйкес айналымдар оларды Кеден одағында өткізу бойынша айналым болып табылады.
3. Мыналар салық салынатын импорт болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлар (осы Кодекстің 276-15-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығын салудан босатылғандарды қоспағанда).
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын, әкелінген (әкелінетін) көлік құралдарына қатысты да қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдер болып табылатын тауарлар.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 125 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Жалпы ережелер | | | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны |