Читайте также:
|
|
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.
Қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілмеген тұлғаларға қолданылмайды.
Осы Кодекстiң 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, оператор жай серіктестіктің (консорциумның) барлық қатысушылары бойынша жиынтық түрде келісімшарт қызметі бойынша қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс етеді.
2. Егер осы Кодекстің 68-бабында және осы тармақта өзгеше көзделмесе, декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Шот-фактураның нөмірін көрсетуге арналған ұялардың саны электронды түрде мыналарды:
1) есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары);
2) есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін табыс ету кезінде шектелмейді.
Салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште де, электрондық түрде де жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі.
Егер қосылған құн салығын төлеуші:
салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек электрондық түрде ғана жазып берген жағдайда, онда салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімі салық органдарына табыс етілмейді;
салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек электрондық түрде ғана алған жағдайда, онда салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына табыс етілмейді.
3. Осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру мен дамыту саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органының құрылымдық бөлімшесі өзіне мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.
4. Осы Кодекстiң 571-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші, осындай есептен шығару жүргізілген есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті. Тарату декларациясы салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылған салық кезеңінің басынан бастап оны осындай есептен шығарған күнге дейінгі кезең үшін толтырылады.
Ескерту. 270-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі) 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2012 N 61-V (01.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.12.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 № 177-V Заңымен (01.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 198 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын төлеу тәртібi | | | Бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі |