Читайте также:
|
|
1. Мынадай тауарлар: Z080000100
1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
2) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекiтілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;
3) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін тауарлар;
4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелiнетін тауарлар;
5) шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасында акредиттелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;
6) салық төлеуден босатуды белгілейтiн кедендік рәсімінде Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялануға жататын тауарлар;
6-1) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін ғарыш объектілерінің, жербеті ғарыш инфрақұрылымының объектілері жабдықтарының импорты қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ғарыш қызметінің мақсаттары үшін осындай ғарыш объектілері мен жабдықтарын әкелу туралы ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның растауы негізінде қолданылады;
7) кез келген нысандағы дәрілік заттар, оның iшiнде дәрілік субстанциялар; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар; кез келген нысандағы дәрiлік заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар, оның ішінде дәрілік субстанциялар, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар импорты қосылған құн салығынан босатылады;
Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
8) почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерiн шығаруға арналған шикiзат;
10) мемлекеттердiң, мемлекеттердің үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар;
11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтыннан басқа, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған:
қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын;
қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай:
импортталған инвестициялық алтынның салмағын
өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы)
көбейту
өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына
көбейту
тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды:
құймалар;
пластиналар;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында өткізу кезінде қолданылады.
12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтын инвестициялық алтын импорты;
13) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшада көрсетілген заттардың тізбесін және оларды іріктеу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Z080000100
Ескерту. 255-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 N 21-V (2011.10.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 160 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар | | | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы |