Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

Читайте также:
  1. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  2. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  3. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
  7. Бап. Қосылған құн салығын қайтару

 

1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджетке төленетін жарнаға жатқызылуға жататын салық сомасын анықтау кезінде осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, егер олар салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ егер мынадай шарттар орындалса:
1) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) шот-фактура жазып берілген күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші салық салынатын айналым бойынша шот-фактура немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етілетін басқа да құжат жазып берген болса;
3) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:
Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу жүргізілген болса;
қосылған құн салығы бюджетке төленген және кедендік рәсім шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;
3-1) Кеден одағына мүше болып табылатын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:
жанама салықтар бойынша салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесі орындалған болса;
қосылған құн салығы осы Кодекстің 276-20-бабына сәйкес бюджетке төленген және қайтаруға жатпайтын болса;
4) осы Кодекстiң 241-бабында көзделген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеу жөнiндегі салық мiндеттемесi орындалған болса;
5) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғаларды қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою кезінде, осы тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша есепке қою күні тауарлар қалдықтары бойынша (негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
2. Мыналар:
1) осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бөлiп көрсетіліп, жазып берілген шот-фактуралар бойынша өнiм берушiлерге төлеуге жататын;
2) осы Кодекстің 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қаржы лизингi шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бірақ осы Кодекстің 238-бабының 10-тармағына сәйкес айналым жасау күні айқындалатын лизинг берушінің салық салынатын айналым мөлшеріне келетін салық сомасынан аспайтын;
3) осы Кодекстiң 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қайтарымды лизинг шарттары бойынша жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
4) есепті салық кезеңінде алынған мерзімді баспа басылымдарының және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің, оған қоса олардың жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердің интернет-ресурсында орналасқан өнімдерінің құнына келетін бөлігінде осы Кодекстің 263-бабының 11-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
5) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресiмделiп, жүктің кедендiк декларациясында көрсетiлген, белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетiне төленген және кедендік рәсімінің шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын;
6) төлем құжатында немесе салық органы берген және осы Кодекстiң 241-бабына сәйкес қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжатта көрсетiлген;
7) темiр жол немесе әуе көлiгінде тасымалдаушының - салық төлеушiнiң сәйкестендіру нөмiрi көрсетіле отырып берiлетiн жол жүру билетінде бөлек көрсетілген;
8) мынадай шарттар:
отырғызу талонының немесе тасымалдаушы берген, әуе көлігімен жол жүру фактісін растайтын құжаттың болуы;
электрондық билет құнының төлену фактісін растайтын құжаттың болуы шарттары бір мезгілде орындалған жағдайда әуе көлігінде тасымалдаушының - салық төлеушiнiң сәйкестендіру нөмiрi және қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәліктің нөмірі көрсетіле отырып берілетін электрондық билетте бөлек көрсетілген;
9) есеп айырысуы банктер арқылы жүргiзiлетiн коммуналдық қызмет көрсетушi қолданатын құжаттарда көрсетiлген;
10) осы баптың 1-тармағының 5-тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың тиiстi тармақшаларына сәйкес расталған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күнге жасалған тауарлар қалдықтарын түгендеу тiзiмдемесінде көрсетiлген салық сомасы;
11) осы тармақшаның ережелерін ескере отырып, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру мен дамыту саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органының құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжатында көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
Мұндай құжатта:
өткізілуі бойынша айналымдары салық салынбайтын айналымдарға жататын тауарлар бойынша "ҚҚС-сыз" деген белгі көрсетіледі;
қалған тауарлар бойынша мемлекеттік материалдық резервке осы тауарларды жеткізген кезде төленген салық сомасының шегінде және шығарылатын тауарлардың құнына оларды шығару күні қолданыста болған ставка бойынша қосылған құн салығының сомасы кіргені айқындалса, қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
12) импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда көрсетілген және осы Кодекстің 276-20-бабының 7-тармағында көзделген салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасына сәйкес келетін, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған салық кезеңінде есепке жатқызылады.
Осы Кодекстің 241 және 276-20-баптарына сәйкес қосылған құн салығы төленген жағдайда, төленген салық қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
3-1. Босатылған айналымның мақсаттары үшін сатып алынған, бірақ салық салынатын айналымның мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша өнім берушілер жазып берген шот-фактуралардағы қосылған күн салығының сомасы олар салық салынатын айналым мақсаттары үшін пайдаланылған салық кезеңінде осы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған күні қолданыста болған ставка бойынша есепке жатқызылуға жатады.
3-2. Аяқталмаған құрылыс объектісін өткізген жағдайда бұрын осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым түрінде өткізуге арналған осы объектінің құрылысы процесінде пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған күн салығы аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған күні қолданыста болған ставка бойынша есепке жатқызылуға жатады.
3-3. Тұрғын үй ғимаратының құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталған, бірақ мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы тұрғын үй ғимаратын пайдалануға қабылдап алған күннен ерте емес салық кезеңінде осындай тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқылы, ол мынадай:
ҚҚСте = ҚҚСтғ*Sте/Sтғ формула бойынша айқындалады,
мұнда:
ҚҚСте – тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жай бойынша есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасы;
ҚҚСтғ – тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы;
Sте – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын емес үй-жайлардың алаңы;
Sтғ – тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңы.
4. Егер шот-фактураны жазып беру осы Кодекстің 263-бабы 7-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күнінен кейін жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру күні тура келетін салық кезеңінде есепке жатқызылады.
Осы Кодекстің 263-бабының 20-тармағында көрсетілген жағдайларда лизинг алушы қосылған құн салығын лизинг берушінің осы Кодекстің 237-бабының 6-тармағында көрсетілген өткізу бойынша айналымды жасаған күні тура келетін салық кезеңінде есепке жатқызады.
5. Қосылған құн салығын төлеушiде салық салынатын және салық салынбайтын, оның iшiнде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы осы Кодекстің 260-бабында көзделген тәртiппен есепке жатқызылады.
6. Егер салық төлеушілердің мемлекеттік базасында тұрған салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін осы Кодекстің 100-бабының 13-тармағын қолданған болса, қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу осы Кодекстің 100-бабының 13-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған сома мөлшеріне азайтылуға жатады.
Ескерту. 256-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі, 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 213 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Өткiзу бойынша айналым жасау күнi | Бап. Салық салынатын айналым мөлшерi | Бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету | Бап. Тауарлар экспортын растау | Бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу | Бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу | Бап. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері | Бап. Жекелеген жағдайларда салық салу | Тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ | Бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт| Бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)