Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк

Читайте также:
  1. азақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы
  2. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  3. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
  6. Бап. Қосылған құн салығын қайтару

 

1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк қатаң есептілік бланкiсi болып табылады және салық төлеушiні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады. Куәлiктiң нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып беріледі.
2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк мынадай міндетті деректемелерді:
1) салық төлеушiнің атауын және (немесе) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
2) сәйкестендіру нөмірін;
3) салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнін;
4) салық органының қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiкке қол қойған күнімен оны беру күнінің сай келуін;
5) куәлік берген салық органының атауын қамтиды.
3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк қосылған құн салығын төлеушiде сақталады.
4. Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк, салық төлеушi куәлiкті жоғалтып алған жағдайды қоспағанда, салық органына қайтарылуы тиiс.
5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыруды:
1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлігі жоғалған (бүлінген) жағдайда - салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде;
2) қосылған құн салығын төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы өзгерген жағдайда - салық төлеушінің тегі, аты, әкесі атының (ол болған кезде) немесе атауы өзгеруі туралы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде;
3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде үш жұмыс күнi iшiнде салық органы жүргiзедi.
Салық төлеуші осы тармақшада көзделген салықтық өтінішке мына құжаттардың бірін:
1) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесін – оның түпнұсқасын көрсеткен жағдайда, қоса береді.
Сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың, оның ішінде нотариат куәландырған көшірмесі қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыру үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке, оны осындай салық органына осы Кодекске сәйкес оған сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында ауыстыру не басқа құжатқа қайта ресімдеу үшін табыс еткен жағдайда, қоса берілмейді.
6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы жаңа куәлiк берілген кезде бұрын салық органы берген куәлiктің бланкісі, салық төлеушi аталған куәлiкті жоғалтып алған (бүлдірген) жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.
Ескерту. 570-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 256 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салықтық зерттеу | Бап. Куәгерлердің қатысуы | Бап. Жалпы ережелер | Салық төлеушi ретiнде тiркеу | Бап. Резидент еместі салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшелігі | Бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік деректер базасындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру | Бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастау | Бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою | Бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою| Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)