Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Салық төлеушi ретiнде тiркеу

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

Бап. Жеке, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына енгізу

 

1. Егер осы Кодекстің 562-бабының 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде жеке, заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне сәйкестендіру нөмірі берілгеннен кейін жүзеге асырады. Z080000100
2. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына мыналар туралы:
1) жеке тұлға, оның ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам – тұрғылықты немесе болатын жері бойынша;
2) резидент заңды тұлға және оның құрылымдық бөлімшесі, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлға – орналасқан жері бойынша;
3) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға – тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша;
4) осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алатын (өткізетін) осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес - осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша. Егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, осы тармақшаның ережелері қолданылмайды.
Егер мұндай резидент емес бағалы қағаздарды, активтер құнының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екі және одан да көп тұлғалардың мүлкін құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлестерін сатып алған (өткізген) жағдайда, салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына резидент емес туралы мәліметтерді енгізуді уәкілетті органның орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады;
4-1) осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында, 200-1-бабының 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын резидент емес - бағалы қағаздары немесе қатысу үлестері сатып алынатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша;
5) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін), осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес - мүліктің орналасқан жері бойынша. Егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, осы тармақшаның ережелері қолданылмайды;
6) Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiгі – дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктің орналасқан жері бойынша;
7) осы Кодекстің 191-бабы 5-тармағына сәйкес резидент еместiң тұрақты мекемесi ретінде қарастырылатын тәуелді агенті арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес – тәуелді агенттің орналасқан (тұрғылықты, келу) орны бойынша;
7-1) қызметін осы Кодекстің 191-бабының 1-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын, сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері арқылы жүзеге асыратын резидент емес – сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің орналасқан жері бойынша;
7-2) қызметін осы Кодекстің 191-бабының 1-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын, бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде жүзеге асыратын резидент емес – бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы-резиденттің орналасқан (тұрғылықты, келген) орны бойынша;
8) резидент банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент еместер – резидент банктің орналасқан жері бойынша мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады.
3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық қызметі органдары салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына мәліметтерді енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына мәліметтерді енгізуді салық органы осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша уәкілетті органнан резидент еместің осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін сатып алғаны туралы мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
4. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік орган салық қызметі органдарына жеке тұлға он алты жасқа толғаннан кейін береді. Он алты жасқа толмаған тұлғаларда салық міндеттемесі туындаған жағдайда мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер салық қызметі органдарына салық органының сұрау салуы бойынша беріледі.
Ескерту. 561-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 108 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату | Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату | Бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi | Бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару | Бап. Консулдық алым төлеуден босату | Бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi | Бап. Салықтық бақылау | Бап. Салық құпиясы | Бап. Салықтық зерттеу | Бап. Куәгерлердің қатысуы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Жалпы ережелер| Бап. Резидент еместі салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшелігі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)