Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi

Читайте также:
  1. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  2. Бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі
  3. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
  4. Бап. Әрекетсіз салық төлеуші
  5. Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
  6. Бап. Акциз төлеу мерзiмдерi
  7. Бап. Алымдарды төлеуден босату

 

1. Мемлекеттiк баж банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша аудару жолымен төленедi.
2. Мемлекеттiк баж:
1) сот қарайтын iстер бойынша - тиiстi арыздар (шағымдар) немесе сот бұйрығын шығару туралы өтiнiш бергенге дейiн, сондай-ақ сот құжаттарының көшiрмелерiн берген кезде;
2) нотариаттық iс-әрекеттердi орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың көшiрмелерiн, телнұсқаларын бергенi үшiн - жасалған нотариаттық iс-әрекеттi тiркеген кезде;
3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерістер, толықтырулар, қалпына келтірулер мен түзетулер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ анықтамалар және қайтадан куәлiктер бергенi үшiн - оларды берген кезде;
4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi бұзуды мемлекеттiк тiркегенi үшiн - актiлердi тiркеген кезде;
5) азаматтардың тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
7) жүргiзушi куәлiктерін, тракторшы-машинист куәлiктерін, механикалық көлiк құралдары мен тіркемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, халықаралық техникалық байқау сертификатын және оның телнұсқасын, мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн бергені үшін - тиісті құжаттарды және мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн бергенге дейін;
7-1) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін – тиісті құжатты бергенге дейін;
8) аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
8-1) аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін – тиісті құжаттарды бергенге дейін;
9) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
10) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар, сондай-ақ комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін - тиiстi құжаттарды бергенге дейін;
11) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа да құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
12) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша - тиiстi құжаттарды алғанға дейiн;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн - апостиль қойғанға дейiн;
14) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның инновациялық патенттер, патенттер, куәлiктер, сертификаттар беруге, шарттарды тiркеуге, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға және тiркеуге байланысты заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
3. Мемлекеттiк баж уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жерi бойынша есепке жазылады.
4. Мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде қолма-қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі.
5. Мемлекеттік баждың қолма-қол ақшамен қабылданған сомасын уәкілетті мемлекеттік органдар кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімі айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.
Ескерту. 547-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 107-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 236 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Жалпы ережелер | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Баж алу объектiлерi | Бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары | Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж ставкалары | Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары | Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары | Бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату | Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату| Бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)