Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары

Читайте также:
  1. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  2. Бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары
  3. Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
  4. Бап. Акциз ставкалары
  5. Бап. Алым ставкалары
  6. Бап. Базалық салық ставкаларын түзету
  7. Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

 

Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
1) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - 10 процент;
2) аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін – 200 пайыз;
3) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн - 200 процент;
4) мыналарды:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін бергенi үшiн - 400 процент;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігiн, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, уақытша жеке куәлік бергенi үшiн - 20 процент;
5) мыналарға:
заңды тұлғаларға:
азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды бергені үшін - 200 пайыз;
азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды бергені үшін - 200 пайыз;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн - 100 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн - 100 процент;
азаматтық, қызметтiк қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн - 200 пайыз;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшiн - 100 процент;
жеке тұлғаларға:
азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды бергені үшін - 50 пайыз;
азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды бергені үшін - 50 пайыз;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергенi үшiн - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн - 50 процент;
азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн - 10 пайыз;
азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшiн - 50 процент;
6) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 мм дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - 10 процент;
7) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 10 процент;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар ға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қойғаны үшiн - 50 процент;
9) мыналарды:
жүргiзушi куәлiгiн бергенi үшiн – 125 пайыз;
көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті бергенi үшiн – 125 пайыз;
автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 280 пайыз;
автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн – 13 700 пайыз;
автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн – 22 800 пайыз;
мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 140 пайыз;
көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн – 35 пайыз;
техникалық қарап тексерудің халықаралық сертификатын бергенi үшiн – 50 пайыз;
10) мыналарды:
тракторшы-машинист куәлiгiн бергенi үшiн - 50 процент;
тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, оларға тiркемелерге (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда) өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiсiн бергенi үшiн - 100 процент;
тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, оларға тiркемелердi (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда) өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттiк тiркеу үшiн техникалық паспорт бергенi үшiн - 50 процент;
11) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін – 25 пайыз мемлекеттік баж алынады.
Ескерту. 540-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 107-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 161 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Төлемақы төлеушiлер | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Баж алу объектiлерi | Бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары | Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж ставкалары | Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары| Бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)