Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Төлемақы төлеушiлер

Читайте также:
  1. Бап. Салық төлеушiлер
  2. Бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік деректер базасындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру
  3. Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу
  4. Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару
  5. Бап. Төлемақы ставкалары
  6. Бап. Төлемақы ставкалары
  7. Бап. Төлемақы ставкалары

 

1. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
2. Мемлекеттiк мекемелер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

 

Бап. Төлемақы мөлшерлемесі

 

1 валдық регистрлiк тонна үшiн төлемақының жылдық мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,26 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен айқындалады.
Ескерту. 526-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.12.2013 N 152-V Заңымен (01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі).

 

Бап. Есептеу, төлеу және салық есептілігін ұсыну тәртiбi

 

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

1. Жылдық төлемақы сомасы жылдық төлемақы мөлшерлемесі мен кеменің регистрлік тоннадағы жалпы сыйымдылығы негiзге алына отырып айқындалады.
2. Бір ай үшін төлемақы мөлшері көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ағымдағы жылға белгілейтін навигация кезеңіне есептелген жылдық төлемақы сомасын бөлу арқылы айқындалады.
3. Салық кезеңінің қорытындылары бойынша бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын бір ай үшін төлемақы мөлшерін кеме жүзетін су жолдарының нақты кезеңіне көбейту жолымен айқындалады. Бұл ретте, салық кезеңі үшін төлемақы сомасы бір ай үшін төлемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс. Төлемақы төлеу төлемақы жөніндегі декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
4. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Кеменiң бiр жолғы кiруi кезiнде шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар, резидент емес шетелдік заңды тұлғалар бір ай үшін төлемақы мөлшерiнде бюджетке төлемақы енгiзедi. Олар Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарында бiр айдан астам болған кезде бюджетке төлемақыны осы бапта белгiленген тәртiппен енгiзедi.
6. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Төлемақы төлеушілер төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей төлемақы жөнінде декларация тапсырады.
9. 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл төлемақы үшін салық кезеңі болып табылады.
Ескерту. 527-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Тарау. СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМАНЫ ОРНАЛАСТЫРҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 141 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Алым мөлшерлемелері | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Баж алу объектiлерi |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi| Бап. Жалпы ережелер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)