Читайте также:
|
|
1. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - қайтаруға өтініш) бойынша жүргізіледі.
2. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеушінің осындай салық, алым, төлемақы, өсімпұл бойынша жеке шоттарын жүргізетін салық органы жүргізеді.
3. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
4. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару осы Кодекстің 599-бабында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
5. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару ұлттық валютада салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына жүргізіледі.
Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.
Салық органы салық берешегi болған кезде салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан орын алған салық берешегiн өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізеді.
Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда, салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салық берешегiн өтеу есебіне жүргізіледі.
Салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.
РҚАО-ның ескертпесі!
6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Салық төлеушінің есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, аталған тауарларға акциздің артық төленген сомасын қайтару жүргізілмейді.
7. Салық органы салық, төлемақы, алым бойынша қайтару мерзімі бұзылып жүргізілген, олардың артық төленген сомасын қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл қайтару күнін қоса алғанда, қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
8. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебінен салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомасын қайтарған күні салық төлеушінің қайтаруға салықтық өтінішінде көрсетілген банк шотына аударылуға жатады.
Ескерту. 602-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 128 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару | | | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару |