Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу мынадай тәртіппен:
1) заңды тұлғаның, құрылымдық бөлімшенің дербес шоты – заңды тұлға Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған және құрылымдық бөлімше есептік тіркеуден шығарылған кезде жүргізіледі.
Мұндай салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде жүргізіледі;
2) дара кәсіпкер - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде жүргізіледі;
Мұндай дара кәсіпкердің дербес шотын жабу дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі;
3) жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде жүргізіледі;
Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың дербес шотын жабу жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі;
4) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, қызметін тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын немесе салық агенті болып табылатын резидент еместің дербес шоты – осы Кодекстің 564-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі;
5) жеке тұлғаның дербес шоты:
салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге құқықтар тоқтаған кезде - оларды растайтын құжаттармен қоса, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері немесе салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;
Қазақстан Республикасынан тұрақты тұратын жерге көшіп кеткен кезде - орындалмаған салық міндеттемелері болмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде;
қайтыс болу себебі бойынша немесе күшіне енген сот шешіміне сәйкес оны қайтыс болды деп жариялаған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде жүргізіледі.
Ағымдағы жыл аяқталғаннан кейін есептелген, есебіне жазылған, азайтылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар қорытындысы шығарылған соң есеп-қисап сальдосы алдағы жылдың жеке шотына көшіріледі.
Ескерту. 597-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

РҚАО-ның ескертпесі!
598-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

Бап. Салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi беру тәртiбi

 

Ескерту. 598-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз).

 

1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алу үшін салықтық өтініш беруге құқылы.
2. Салық органы салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылғандығын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
2) ішкі істер органдарына – мұндай органның сұрау салуы бойынша;
3) салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама (осы баптың мақсаты үшiн – берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама) жасау және оны беру арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) – салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша береді.
3. Салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер, сондай-ақ берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама салық төлеушінің (салық агентінің) тiркеу есебiне алынған орны бойынша салық органдарында ашылған дербес шоттар деректерi ескеріле отырып жасалады.
4. Салық органы берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы:
1) заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша;
2) құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн – оның құрылымдық бөлiмшесiнiң дербес шоты бойынша есеп-қисап сальдосы ескерiле отырып, заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша;
3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi үшiн – құрылымдық бөлiмшенiң орналасқан жерi бойынша;
4) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi үшiн – резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесiнiң орналасқан жерi бойынша;
5) дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат үшiн – олардың орналасқан жерi бойынша;
6) жеке тұлға үшiн – тұрғылықты жері немесе болатын жері бойынша, салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша жасайды.
5. Берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама:
1) қағаз жеткізгіште берiлген кезде – анықтаманы жасаған салық органы басшысының, оны алмастыратын адамның немесе басшысы орынбасарының қолымен және мөрiмен;
2) электронды түрде берiлген кезде – уәкiлеттi органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Бұл ретте, қағаз жеткізгіште жасалған берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы салық органы салық төлеушiге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып бередi.
6. Салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер:
1) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде – мәліметтер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;
2) ішкі істер органдарының сұрау салуы бойынша – сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
7. Салық органы берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы мынадай мерзiмдерде:
1) құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiне, резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесiне, жеке тұлғаға, дара кәсiпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа – анықтама алу үшiн салықтық өтiнiш берілген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
2) құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға – анықтама алу үшiн салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей беруге мiндеттi.
8. Заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлғада салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы (болуы) туралы мәліметтер осы Кодекстің 37 және 37-1-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде беріледі.
9. Алып тасталды - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
10. Жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қойылған жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде мұндай тұлғаның салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер осы Кодекстің 41–43-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі.
11. Салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту жағдайларын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелері салықтық өтініш беру күніне салық кезеңі үшін салық есептілігін ұсынбаған жағдайда берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама берiлмейдi.
Ескерту. 598-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 149 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою | Бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару | Бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою | Бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару | Бап. Әрекетсіз салық төлеуші | Бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi | Бап. Салық нысандарын қабылдау | Бап. Камералдық бақылау нәтижелерi | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын ашу және жүргізу | Бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру| Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)