Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару

Читайте также:
  1. GPON негіздік маманданым және өзгешеліктері
  2. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  3. азақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы
  4. Айырбас әлеуметтік байланыстылықтың аса қарапайым көрінісі ретінде
  5. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  6. Бiр-бiрiнен 0,3 м қашықтықта орналасқан қабылдағыштардың арасындағы сигналдың әлсiреуi.
  7. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері

 

1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды салық салу объектiлері және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша туындаған салық міндеттемесі орындалатын болса, мынадай жағдайларда:
1) салық салу объектiлеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқықтарының тоқтатылуы - егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде;
2) салық салу объектiсін және (немесе) салық салуға байланысты объектiні уақытша сенімгерлік басқару құқығының тоқтатылуы – салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізеді.
2. Бір салық органында тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған барлық салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, сенімгерлік басқару құқығы тоқтаған жеке тұлға салық органында аталған мәліметтер болмаған жағдайда салық органына мұндай объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге құқылы.
3. Концессия шарты бойынша бір салық органында тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған барлық салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, сенімгерлік немесе жедел басқару құқығы тоқтаған заңды тұлға егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтық өтініштің негізінде мұндай объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығарылады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тіркеу есебінен салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықтық өтініштің негізінде:
заңды тұлға осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімшені мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы шешімін жойған;
заңды тұлғада осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бір салық органында құрылымдық бөлімшені тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған барлық салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге құқығы тоқтатылған жағдайда шығарылады.
Бұл ретте заңды тұлға құрылымдық бөлімшені мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы шешімді жойған жағдайда, салықтық өтінішке мұндай шешімнің көшірмесі қоса беріледі.
Егер мұндай заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тіркеу есебінен шығарылған жағдайда осы тармақтың ережелері барлық салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша құқықтар тоқтатылған жағдайда, заңды тұлғаларға қолданылмайды.
4. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектiсі және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) салық төлеушінің салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Ескерту. 578-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 152 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастау | Бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою | Бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару | Бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою | Бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою | Бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою| Бап. Әрекетсіз салық төлеуші

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)