Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Әрекетсіз салық төлеуші

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Әрекетсіз салық төлеушілерге әрекетсіз заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жатады.
2. Осы Кодексте белгіленген декларацияны тапсыру мерзімі өткеннен кейін бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша;
2) ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша, жеңілдетілген декларацияны, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларацияны ұсынған жағдайда, резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекетсіз заңды тұлға болып танылады.
3. Осы Кодексте белгіленген декларацияны тапсыру мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін:
жеке табыс салығы бойынша;
ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша жеңілдетілген декларацияны, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларацияны ұсынбаған жағдайда немесе соңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін ұсынбаған дара кәсіпкер әрекетсіз дара кәсіпкер болып танылады.
4. Осы баптың 2, 3-тармақтарының қолданысы қызметін уақытша тоқтата тұру кезеңіне тоқтата тұрған резидент заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
5. Салық органдары әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімін жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей бекітеді және ақпаратты уәкілетті органның сайтына орналастырады.
6. Салық төлеушіні әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару:
1) салық төлеуші салық есептілігін табыс ету бойынша салықтық міндеттемесін орындағаннан;
2) салық төлеушіге салық есептілігін осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етпегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес қолданылған айыппұлдар төленгеннен кейін жүргізіледі. Z080000100
7. Осы баптың 6-тармағында көзделген шарттар сақталған соң бес жұмыс күні ішінде қабылданған салық органының тиісті бұйрығының күні салық төлеушілерді әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару күні болып табылады.
Салық төлеушілері әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару туралы ақпарат, шығару күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.
8. Салық төлеуші Заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмінен алынған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, мұндай салық төлеушілер бір мезгілде әрекетсіз салық төлеушілер тiзiлiмінен шығарылады.
Ескерту. 579-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 166 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою | Бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару | Бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою | Бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою | Бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару | Бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару| Бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)