Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару

Читайте также:
  1. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою
  2. Бап. Қосылған құн салығын қайтару
  3. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі
  5. Бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру
  6. Бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу

 

1. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініші бойынша (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – қате сомалар бойынша салықтық өтініш);
2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – банк өтініші) бойынша;
3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы қызметі жасаған салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттамасы (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - қателер бойынша хаттама) бойынша жүргізіледі.
2. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген негізге сүйене отырып, қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, айыппұлдарды, өсімпұлдарды қате төлеу фактісі анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.
3. Қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді қате төлеу жүргізілген салық қызметі органына ұсынылады.
4. Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:
1) төлем құжатында:
салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;
салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;
төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;
2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) төлем құжатын қате орындаған;
3) ақша жіберуші - салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;
4) ақша жіберуші - салық төлеуші осы салық немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын аудару кезіндегі сомалар салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомалары болып табылады.
5. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қателерді растаған жағдайда осы салық органы:
1) қате төленген сомаларды тиісті бюджет сыныптамасының кодына және (немесе) тиісті салық органына есепке жатқызуды жүргізеді;
2) салық төлеушінің банк шотына қайтаруды жүргізеді.
6. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бір төлем құжаты бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді екінші қайтара аударуға әкеп соқтырған салық төлеушінің (салық агентінің) төлем құжатын қате орындаған жағдайларда, салық органы қате аудару фактісі расталған кезде банктің өтініші бойынша қате төленген сомаларды қайтаруды жүргізеді.
7. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қателердің бар екендігін растамаған жағдайда осы салық органы осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіге қателердің расталмағаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.
8. Салық төлеуші (салық агенті) төлем құжаттарында сәйкестік нөмірін дұрыс көрсетпеген кезде салық органы салықтық өтініші негізінде қате сомалар бойынша салық төлеушіге қате төленген сомаларды оның төлем құжатында көрсетілген банктегі шотына қайтаруды жүргізеді.
Ескерту. 601-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 227 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою | Бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару | Бап. Әрекетсіз салық төлеуші | Бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi | Бап. Салық нысандарын қабылдау | Бап. Камералдық бақылау нәтижелерi | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын ашу және жүргізу | Бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу| Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)