Читайте также:
|
|
1. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандары салық қызметі органдарына осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етіледі.
2. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандарын салық қызметі органдарына ұсыну күні оларды табыс ету тәсілдеріне қарай:
1) келу тәртібінде - салық қызметі органдарының салық есептіліктерін және (немесе) өтініштерді қабылдау күні;
2) хабарландыра отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы:
салық есептілігі үшін – почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;
салықтық өтініш үшін – салық қызметі органдары алған күн;
3) электронды түрде – осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні болып табылады.
2-1. Осы Кодекстің 69-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кері қайтарып алынған салық есептілігін қабылдаған күн осы Кодекстің 69-бабының 1-тармағына сәйкес табыс етілген салық есептілігінің табыс етілген күні болып табылады.
3. Почта немесе өзге байланыс ұйымдарына салық есептілігін тапсыру үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін тапсырылған қағаз жеткізгіштегі салық есептілігі почта немесе өзге де байланыс ұйымы қабылдаған уақыт пен күннің белгісі болған кезде, мерзімінде тапсырылған деп есептеледі.
Салық қызметі органдарына салық есептілігін тапсыру үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы тапсырылған электронды түрдегі салық есептілігі мерзімінде тапсырылды деп есептеледі.
4. Салық қызметі органдары салық есептілігі электронды түрде табыс етілген кезде салық қызметі органдарының қабылдау жүйесі салық есептілігін қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге аталған жүйенің салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
РҚАО-ның ескертпесі!
584-бапты 4-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандары, егер:
1) осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган белгілеген салықтық нысандарға сәйкес келмесе, немесе
2) салық органының коды көрсетілмесе, немесе
3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе
4) салық кезеңі көрсетілмесе, немесе
5) салық есептілігінің түрі көрсетілмесе, немесе
6) салық есептілігіне қол қоюға қатысты осы Кодекстің талаптары бұзылса, немесе
РҚАО-ның ескертпесі!
7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
7) уәкілетті орган белгілеген электрондық формат құрылымы бұзылса, салық қызметі органдарына табыс етілмеген деп есептеледі.
8) салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда салық есептілігін ұсыну тәсіліне қатысты осы Кодекстің 72-бабы 1-тармағының талаптары бұзылса;
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақты 9) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 584-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 129 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi | | | Бап. Камералдық бақылау нәтижелерi |