Читайте также:
|
|
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды салық органы Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бере отырып жүргiзедi.
2. Салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасымен дара кәсiпкер ретiндегі қызметіне жол берiлмейтiн жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргiзбейдi.
3. Жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi жүзеге асыруды бастағанға дейiн орналасқан жерi бойынша салық органына ұсынылған дара кәсiпкердi, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.
Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою үшiн ұсынылған салықтық өтiнiшке түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
жеке басын куәландыратын құжаттың;
жеке нотариаттық, адвокаттық қызметпен, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның;
жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жерiн растайтын құжаттың көшірмелері қоса берiледi.
Жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған жағдайда, осы тармақта көзделген құжаттар ұсынылмайды.
4. Салық органдары салықтық өтінішті алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді не мұндай тіркеуге қоюдан бас тартады.
Салық органы, егер:
1) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
2) салықтық өтініште көрсетілген нотариаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметті, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның деректері лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайда, жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюдан бас тартуды жүргізеді.
Ескерту. 565-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 156 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастау | | | Бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту |