Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Куәгерлердің қатысуы

 

1. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдары өздерінің талап етуі немесе салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша жасайтын мынадай іс-әрекеттер:
1) салық қызметі органы лауазымды адамының салық мiндеттемелерiнiң орындалуы жөнiнде хабарламаны, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмді, мүлiкке билік етуді шектеу туралы шешiмді, мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн, салық тексеруін жүргiзу туралы хабарландыруды, нұсқаманы, салықтық тексеру актiсiн және осы Кодексте көзделген салық қызметі органдарының өзге де құжаттарын тапсыруы;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу;
3) нұсқаманың негiзiнде жүргізілетін, салық салу объектiсi және (немесе) орналасқан жеріне қарамастан салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлiктi зерттеу;
4) нұсқаманың негiзiнде салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен арнайы құралдарды (сурет-, аудио-, бейнеаппаратураларды) қолдана отырып түгендеу жүргiзу;
5) салықтық зерттеу куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылады.
2. Куәгерлер ретінде салық қызметі органдарының лауазымды адамы мен салық төлеушi (салық агенті) іс-әрекеттерінiң нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті азаматтар шақырылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен өзіне қатысты іс-әрекет жүргізіліп жатқан салық төлеушi (салық агенті) қызметкерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
4. Куәгерлер іс-әрекет жасалған кезде өздері қатысқан, салық қызметі органдарының лауазымды адамы жасайтын хаттамада (актіде) тіркелген, салық қызметі органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеушi (салық агенті) іс-әрекеттерінiң фактісін, мазмұнын және нәтижелерін куәландырады.
5. Куәгер жасалған іс-әрекеттер жөнінде ескерту жасауға құқылы. Куәгердің жасаған ескертуі салық қызметі органдарының лауазымды адамы жасаған хаттамаға (актіге) енгізілуі тиіс.
6. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы куәгерлердің қатысуымен жасайтын хаттамада (актіде) мыналар көрсетіледі:
1) хаттаманы (актіні) жасаған салық қызметі органдары лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
2) салық қызметі органының атауы;
3) іс-әрекеттер жасалған орын мен күн;
4) іс-әрекетке қатысқан немесе оны жүргізген кезде болған әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын кәуландыратын құжаттың атауы мен нөмірі;
5) іс-әрекеттің мазмұны мен оны жүргізудің сабақтастығы;
6) іс-әрекеттің басталған және аяқталған уақыты;
7) іс-әрекет жасалған кезде анықталған фактілер мен мән-жайлар.
7. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған адамдарды хаттамамен (актімен) таныстыруға міндетті. Хаттамамен (актімен) таныстырғаннан кейін салық қызметі органдарының лауазымды адамы, сондай-ақ іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған барлық адамдар хаттамаға (актіге) қол қояды.
8. Хаттамаға (актіге) іс-әрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтер, бейне жазбалар немесе басқа да материалдар (олар болған кезде) қосылады.
9. Салық қызметі органдары лауазымды адамның осы бапта белгіленген тәртіппен жасаған хаттамасы (актісі) осы баптың 1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасау фактісін тіркейді және растайды.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 152 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары | Бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату | Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату | Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату | Бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi | Бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару | Бап. Консулдық алым төлеуден босату | Бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi | Бап. Салықтық бақылау | Бап. Салық құпиясы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салықтық зерттеу| Бап. Жалпы ережелер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)