Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бiр-бiрiнен 0,3 м қашықтықта орналасқан қабылдағыштардың арасындағы сигналдың әлсiреуi.

Читайте также:
  1. Бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық ставкалары
  2. Бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою
  3. Бап. Салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару

Бұл өлшемдер, екi қабылдағыш қабылдаған толқындардың сәйкес фазаларының амплитудаларын салыстыру нәтижесiн бередi.

Жыныста газдың, мұнайдың немесе судың болуы, қабылдағыштар қабылдайтын серпiндi толқындардың импульс күшiнiң әлсiреуiне әкеледi. Әлсiреу коллектордың құрамындағы флюидтiң функциясы болғандықтан, акустикалық каротаждың осы әдiсiнiң мәлiметтерi қабаттың қанығуын анықтау үшiн қолданылуы мүмкiн. Серпiмдi тербелiстердiң басылуын сенiмдi бағалау үшiн, өткен толқын амплитудасының (Апр) өлшемiн және әлсiреген сигнал өлшемiн (a) тiркеу қажет. Басылу бойынша жүргiзiлетiн акустикалық каротаждың негiзгi мәнi осында.

Берiлген тереңдiктiң әрбiр импульсiнде бiрiншi қабылдағышпен қабылданған акустикалық сигналдың амплитудасы (Апр) өлшенiп, жазылады. Мұнайға қаныққан қабатқа қарағанда, газға қаныққан қабатта ол аз болады. Дәл осылай, суға қаныққан қабатқа қарағанда, мұнайға қаныққан қабатта ол аз болады. Екiншi қабылдағышта дәл осы акустикалық сигнал өту жолының ұзақтығына байланысты аз амплитудамен жазылады. Бұл кезде әлсiреу сигналы мұнайлы қабатқа қарағанда, газды қабатта жоғары, ал сулы қабатта әлсiреу сигналы ең төменгi мәнге ие болады.

Апр қисығының солға қисаюы амплитуданың өскенiн бiлдiредi.

A қисығының оңға қисаюы әлсiреудiң жоғарылағанын көрсетедi. Апр және a диаграммаларында бекiнiс сызықтырын енгiзуге болады: Апр қисығының бекiнiс сызығы, максимальды амплитудаларына сәйкес көрсеткiштер бойынша, ал, a қисығының бекiнiс сызығы минимальды әлсiреуге сәйкес көрсеткiштер бойынша жұргiзiледi.

Екi қисық та сазға қарсы сияқты, сулы коллекторларда бекiнiс сызығы бойымен өтуi қажет. Ауытқулар төмендегiше бiр немесе бiруақытта бiрнеше себептерден болуы мүмкiн:1) сазды жыныстарды каверналардың болуынан; 2) сазға бұрғылау сұйығының фильтратының өтуiнен немесе ионды алмау нәтижесiнен саздың өзгеруi; 3) бiрiншi толқынның орнына екiншi толқынның амплитудасын жазу. Көрсетiлген себептердiң үшiншiсiне байланысты, екi қисық та бекiнiс сызығынан терiс қарай ауытқиды.

Жалпы жағдайда, екi қисық та бекiнiс сызығынан оңға қарай ауытқиды (оң ауытқу). Коллектордың тұсында оң ауытқу едәуiр болса, ол газдылықты, орташа болса, мұнайлылықты, ал коллектордың тұсында ешқандай ауытқу болмаса, онда ол коллектордың суға толғанын көрсетедi.

 

Ондырылған колоннадағы цементтiң сапасын бақылау үшiн қолданылатын акустикалық каротаж

 

Каротаждың бұл түрi, қондырылған колонналардан цементтiң жабысу сапасын немесе олардың сыртындағы цемент сақиналарында каналдардың даму дәрежесiн анықтау үшiн қолданылады. Бұл каротаждың мәлiметтерi арқылы, қондырылған колонналарды қоршап тұрған цемент сақинасы, колонналармен қаншалықты жақсы жабысқанын анықтауға болады. Қондырылған колонналарды цементтеу, өнiмдi қабаттарды жеке- жеке игеру мен бақылау мақсатында, изоляциялау үшiн жүргiзiледi.

Цементтiң қондырылған колоннамен жабысу дәрежесiн жақсы көрсететiн қисық, сәулелендiргiштен 0,9 м арақашықтықта орналасқан қабылдағышпен серпiндi тербелiстер энергиясының әлсiреуiн анықтауда алынады. Егер қондырылған колонна бос болса (цементтелмеген), әлсiреу тербелiсi сәулелендiргiш- қабылдағыш аралығында, салыстырмалы түрде, аз болғанда, серпiмдi толқын оның бойымен 5200 м/ сек жылдамдықпен тарайды. Бiрақ трубаның сыртында цемент болып, ол еш ақаусыз және каналсыз трубамен сенiмдi түрде жабысқанда, колоннада таралатын серпiндi тербелiстердiң жылдамдығы цементке қарағанда жоғары болғандықтан, колонна бойынша таралатын бойлық тербелiстер дәл осындай тербелiстердi цементте де тудырады. Осының нәтижесiнде, энергияның көп бөлiгi қабылдағышқа жетпей таралып кетедi де, қабылдағыш келген тербелiстiң бiрден әлсiрегенiн көрсетедi. Лабораториялық зерттеулер, қабылдағыш қабылдаған тербелiс амплитудасының және қондырылған колоннаның цемент сақинасымен байланыс дәрежесiнiң арасында сызықтық тәуелдiлiк бар екенiн көрсеттi.

АК қисығының төменгi амплитудалы бөлiктерi цемент сапасының жақсы болған зоналарына (жарықшақсыз, каналсыз) сәйкес. Керiсiнше, үлкен ампитудалар колоннада цемент сақинасының жоқтығын көрсетедi, яғни, цемент сақинасында каналдардың болуын, перфорация кезiнде цементтiң зақымданғанын және т.с.с.

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 246 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Басылуға байланысты акустикалық каротаж| Тау жыныстардың акустикалық қасиетін анықтайтын факторлар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)