Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық ставкалары

Читайте также:
  1. Бiр-бiрiнен 0,3 м қашықтықта орналасқан қабылдағыштардың арасындағы сигналдың әлсiреуi.
  2. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  3. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  4. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  6. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 381-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
2. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) базалық мөлшерлемелер жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағында белгіленген төмендету ескеріле отырып, көрсетілген жерлерге салық мөлшерлемелерін жалпы төмендету базалық мөлшерлеменің 30 пайызынан аспауға тиіс.
3. Елдi мекен шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 383-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Елдi мекен шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан жерлердi қоспағанда, әуежайлар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 381-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн әуе кемелерiнiң ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшiн арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесi аэродром деп түсініледі.
Ескерту. 384-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне салынатын салық ставкалары

 

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады.
2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттарға пайдалануға берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерi осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 383-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.

 

Бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшiн бөлiнген, казино орналасқан жер учаскелерiне салынатын салық ставкалары

 

Ескерту. 386-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

1. Елді мекендердің автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 81-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкалары кемітілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.
2. Елдi мекендердiң казино орналасқан жерлерi осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Казино орналасқан басқа да санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекендердің жерлерi үшiн осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Елдi мекеннiң жерлерiне салықты есептеу кезiнде қолданылатын базалық ставкаларды жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.
Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық ставкасы төмендетiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
3. Елді мекендердің автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекеннің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол он еседен артық болмайды. Осы тармақта көзделген ставкаларды ұлғайту жергілікті өкілді орган белгілейтін автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай жүргізіледі.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының ставкаларын жеке-дара арттыруға тыйым салынады.
Ескерту. 386-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 193 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары | Бап. Салық базасы | Бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары | Бап. Есептеу тәртібі | Бап. Төлеушiлер | Бап. Салық төлеушiлер | Бап. Салық ставкалары | Бап. Салықты есептеу тәртiбi | Бап. Төлеушілер | Бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары| Бап. Базалық салық ставкаларын түзету

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)