Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық базасы. 1. Жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңінде өндірген кең таралған

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
Өткізудің орташа өлшемді бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Б ор. = (V1 ө.т. х Б1ө. + V2 ө.т. х Б2 ө. … + Vn ө.т. х Бn ө.) / V жалпы өткізу, мұнда:
V1 ө.т., V2ө.т., …. Vn ө.т. – салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір топтамасының көлемдері,
Б1 ө., Б2 ө. … + Бn ө. – салық кезеңінде әрбір топтама бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өткізудің нақты бағалары,
n – салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық топтамасының саны,
V жалпы өткізу - салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өткізудің жалпы көлемі.
Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық көлеміне, оның ішінде, кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған көлемдеріне қолданылады.
3. Есепті салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық өткізілмеген жағдайда, олардың құны өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты сату мүлдем болмаған жағдайда, олардың құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 процентке ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бірінші өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің өлшемді нақты орташа бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету енгізуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомасын түзетуді бірінші өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңде жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемелері болып табылады.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 115 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөнiндегi қызметке салық салу | Бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттемесін орындау тәртібі | Бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері | Бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі | Бап. Салық салу объектiсi | Бап. Төлеу тәртібі мен мерзімдері | Бап. Салық салу объектісі | Бап. Шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын айқындау тәртібі | Бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары | Бап. Салық базасы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары| Бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)