Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөнiндегi қызметке салық салу

Читайте также:
  1. Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз.
  2. Аақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз.
  3. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  4. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  5. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  7. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу осы Кодекстің 308-1-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер туындаған кезде қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 198 – 200-баптарына сәйкес қосымша салық салуға жатады.
3. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір келiсiмшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша, сондай-ақ рентабельдiгi төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебетi аз және қазылған кен орындарын (кен орындары тобын, осындай кен орындары тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгiн, бір келiсiмшарт шеңберiндегi кен орындарының бір бөлігін) әзірлеу кезінде, осындай кен орындары (кен орындарының тобы, бір келiсiмшарт шеңберiндегi осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгi) бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдерді осы Кодексте белгіленгендерден ерекшеленетін тәртіппен және ставкалар бойынша есептеген жағдайда, салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін осы Кодекстің 310-бабына сәйкес бөлек салық есебін жүргізуге мiндеттi.
Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдiк балшықты өндіру жөнiндегi келiсiмшарттарға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қолданылмайды.
Өндiрiлуi жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың талаптарында көзделмеген және қорларын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган бекіткен мұнайды, минералдық шикізатты, жерасты суларын, сондай-ақ емдік балшықты өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиiстi өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейін, осы Кодексте белгіленген тәртіппен олар бойынша салықтарды және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдерді төлеуге мiндеттi.
4. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келiсiмшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) әрбір қатысушы салық төлеуші болады.
5. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келiсiмшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, онда жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келiсiмшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылар осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілін айқындауға міндетті.
Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі осы Кодекстің талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге міндетті.
Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүзеге асырылған жағдайда осындай уәкілетті өкіл ретінде оператор танылады.
Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілінің, оның ішінде оператордың өкілеттігі осы Кодекстің 17 немесе 17-1-баптарының талаптарына сәйкес расталуы тиіс.
6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша салық міндеттемелерін орындауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) және (немесе) осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жиынтық салық есебі деректерінің негізінде жүргізеді. Бұл ретте осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық есептілік нысандарын ұсыну бойынша салық міндеттемелерін орындауды жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) дербес жүзеге асырады.
Ескерту. 308-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 05.12.2013 N 152-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 170 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Кеден одағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу | Бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері | Бап. Кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі | Бап. Акциз ставкалары | Бап. Салық салу объектісі | Бап. Операция жасалған күн | Бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы | Бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау | Бап. Салықтан шегерім жасау | Бап. Акциз төлеу мерзiмдерi |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ| Бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттемесін орындау тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)