Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау
  2. Бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы
  3. Бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу
  4. Бап. Тауарлар экспортын растау
  5. Бап. Тауарлар экспортын растау
  6. Бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері

 

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу кезiнде осы Кодекстiң 281-бабының 3-тармағына сәйкес салық салудан босатудың негiздiлiгiн растау үшiн салық төлеушi орналасқан жері бойынша салық органына операция жасалған күннен бастап алпыс жұмыс күнi ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:
1) экспортталатын акцизделетiн тауарларды ұсынуға арналған шартты (келісімшартты);
2) акцизделетiн тауарларды экспорт кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiлерi бар жүктің кедендiк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшiрмесiн табыс етедi.
Акцизделетiн тауарларды экспорт кедендік рәсімінде магистральдық құбыр жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда кедендік декларациялауды жүргiзген кеден органының белгісі бар жүктің толық кедендiк декларациясы экспортты растау болып табылады;
3) Кеден одағының кеден шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерiн табыс етедi.
Акцизделетiн тауарларды экспорт кедендік рәсімінде магистральдық құбыр жүйесiмен әкеткен жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;
4) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған банк шоттарына акцизделетiн тауарларды өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшiрмесiн табыс етедi.
2. Қазақстан Республикасы акцизделетiн тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге (Кеден одағына мүше мемлекеттерді қоспағанда) акцизделетiн тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде әкетілген акцизделетiн тауарларды импорттаған елде ресiмделген жүктің кедендiк декларациясының көшiрмесi қосымша табыс етiледi.
2-1. Акцизделетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған кезде осы Кодекстің 281-бабының 3-тармағына сәйкес акциздер төлеуден босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына акциз жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 276-11-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Кодекстің 276-11-бабында көзделген құжаттарды табыс етеді.
Бұл ретте салық төлеуші акциз жөніндегі декларацияны қоспағанда, көрсетілген құжаттарды операция жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде салық органына табыс етуге құқылы.
2-2. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы да акцизделетін тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы болған кезде осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді.
3. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу осы баптың 1, 2 және 2-1-тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткiзу Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарларды өткiзу үшiн осы тарауда белгiленген тәртiппен акциз салынуға жатады.
4. Осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін экспортқа акцизделетін тауарларды өткізу расталған жағдайда осы баптың 3-тармағына сәйкес төленген акциздер сомалары осы Кодекстің 599 және 602-баптарына сәйкес есепке жатқызуға және қайтаруға жатады.
Бұл ретте акцизделетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспортқа өткізуді растамауға байланысты есептелген өсімпұлдардың төленген сомасы қайтаруға жатпайды.
Ескерту. 288-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 244 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау, салық салынатын импортты жасау күні | Бап. Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау | Бап. Тауарлар экспортын растау | Бап. Кеден одағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу | Бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері | Бап. Кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі | Бап. Акциз ставкалары | Бап. Салық салу объектісі | Бап. Операция жасалған күн |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы| Бап. Салықтан шегерім жасау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)