Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Операция жасалған күн

Читайте также:
  1. Uuml; погрузка – логистическая операция, заключающаяся в подаче, ориентировании и укладке груза в транспортное средство.
  2. Атынастармен орындалатын операциялар
  3. Бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар
  4. Бап. Өткiзу бойынша айналым жасау күнi
  5. Бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi
  6. Бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөнiндегi қызметке салық салу

 

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетiн тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күнi операция жасалған күн болып табылады.
2. Өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер желiсi арқылы өткiзген жағдайда, тауарларды құрылымдық бөлiмшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде көрсетілген тауарларды мердігерге (өңдеушіге) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Алыс-беріс шикізатынан акцизделетін тауарлар дайындаған кезде дайындалған акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс.
Алыс-беріс шикізатын өңдеудің белгіленген мерзімінен асқан жағдайда осы Кодекстің 280-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады.
Алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкелу (әкету) жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасының салық төлеушісі өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеме, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.
4. Акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
5. Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды өндіріс мекенжайынан ауыстыру кезінде акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстырған күн операция жасалған күн болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
6-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Акцизделетiн өнiм, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген жағдайда, бүлiнген акцизделетiн өнiмдi (акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндiрiстiк процесте одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
Акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.
7. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан акцизделетін тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн операция жасалған күн болып табылады.
Бұл ретте осы бөлімнің мақсаттары үшін импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кіріске алған күн болып табылады.
Ескерту. 282-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 163 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Жалпы ережелер | Бап. Кеден одағында қосылған құн салығын төлеушілер | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау, салық салынатын импортты жасау күні | Бап. Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау | Бап. Тауарлар экспортын растау | Бап. Кеден одағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу | Бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері | Бап. Кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі | Бап. Акциз ставкалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық салу объектісі| Бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)