Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі

Читайте также:
  1. GPON негіздік маманданым және өзгешеліктері
  2. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  3. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  4. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  5. Бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі
  6. Бап. Қолдану тәртібі
  7. Бап. Қолдану тәртібі

 

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі осы Кодекстің 36-тарауына сәйкес айқындалады.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттерге тауарлардың экспорты немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші салық органына осы Кодекстің 276-21-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 270-бабында көзделген қосымша құн салығы жөніндегі декларациямен бір мезгілде мынадай құжаттарды:
1) тауарларды (оның ішінде алыс-беріс шикізаты өнімдерін) импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінен алынған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті табыс етуге міндетті.
Акцизделетін тауарлардың экспорты жағдайында тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі қосымша табыс етіледі;
2) қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде Кеден одағына мүше мемлекеттерге өткізілген тауарлар немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу жөнінде орындалған жұмыстар бойынша шот-фактуралардың тізілімін ұсынуға міндетті. Кеден одағына мүше мемлекеттерге өткізілген тауарлар немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу жөнінде орындалған жұмыстар бойынша шот-фактура тізілімдерінің нысандарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.
Салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациясымен бір мезгілде мынадай құжаттарды:
1) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық түрде табыс етеді.
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нысанын, оны толтыру және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi;
2) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін, және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесінің орындалуын растайтын, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де төлем құжатын немесе уәкілетті орган берген, салық төлеушіге салық төлеу мерзімін өзгертуге құқық берілгендігін растайтын өзге де құжатты, немесе осы Кодекстің 276-15-бабының талаптарын ескере отырып, қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжаттарды табыс етеді.
Бұл ретте аталған құжаттар қосылған құн салығын төлеудің өзге тәртібінде, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер шотының есебіне жатқызылуға тиісті импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының жеке шоттарында артық төленген төлемдер болған жағдайда, салық төлеуші салықтар мен төлемдердің басқа түрлері бойынша аталған артық төленген сомаларды есепке жатқызуға немесе есеп айырысу шотына қайтаруға өтініш бермеген болса, табыс етілмейді.
Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша осы тармақшада көрсетілген құжаттар есепті салық кезеңіне келетін, лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизингтік төлемнің мерзімі бойынша, осы тармақта белгіленген мерзімде табыс етіледі;
3) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарларға ілеспе құжаттарды табыс етеді.
Егер тауарлардың жекелеген түрлері үшін мұндай құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе, аталған құжаттар табыс етілмейді;
4) егер шот-фактураларды шығару (жазып беру) Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактураларды;
5) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісімшарттар), тауарлар лизингі (лизинг нысаналары) жағдайында – лизинг шарттары (келісімшарттары), зат түрінде қарыз берілген жағдайда - қарыз шарттары, тауарларды дайындау туралы шарттар (келісімшарттар), алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
6) Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі не Кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды өткізетін Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі берген (ұйымның басшысы (жеке кәсіпкер) қол қойған және ұйымның мөрімен куәландырылған) Кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің салық төлеушісі туралы мынадай мәліметтер:
тұлғаны Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі ретінде сәйкестендіруші нөмір;
Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (ұйымның (жеке кәсіпкердің) толық атауы;
Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің орналасқан (тұрғылықты) жері;
келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні;
ерекшелік нөмірі мен күні туралы және импортталған тауарды сатып алу туралы Кеден одағына мүше осы үшінші мемлекеттің салық төлеушісімен жасалған шарт (келісімшарт) туралы ақпараттық хабарлама (осы Кодекстің 276-18-бабының 2 – 5-тармақтарында көзделген жағдайларда).
Егер одан тауар сатып алынатын Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі өткізетін тауардың иесі болмаған жағдайда (комиссионер, сенім білдірілген адам болып табылса), онда осы тармақшаның екінші-алтыншы абзацтарында көрсетілген мәліметтер өткізілетін тауардың иесіне қатысты да табыс етіледі.
Ақпараттық хабарлама шет тілінде табыс етілген жағдайда қазақ және орыс тілдеріне аудармасының болуы міндетті.
Егер осы тармақшада көзделген мәліметтер осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген шартта (келісімшартта) қамтылған жағдайда ақпараттық хабарлама табыс етілмейді;
7) комиссия немесе тапсырма шарттары (келісімшарттары) (олар жасалған жағдайда);
8) комиссия немесе тапсырма шарттары бойынша Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісімшарттар) (қосылған құн салығын комиссионер, сенім білдірілген адам төлейтін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 276-18-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда).
Бөлшек саудада сатып алу-сату жағдайында осы тармақтың 3) – 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың алынғанын (не сатып алынғанын) растайтын құжаттар (оның ішінде бақылау-касса машинасының чектері, тауар чектері, сатып алу актілері) табыс етіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың 2) – 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша оған уәкілеттік берілген өзге да адамдардың қолтаңбаларымен, сондай-ақ мөрімен куәландырылған көшірмелерде табыс етілуі мүмкін.
Бұл ретте көрсетілген құжаттардың көшірмелері соңғы парағына олардың жалпы саны көрсетіле отырып, тігілген, нөмірленген және соңғы парағын салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша оған уәкілеттік берілген өзге де адамдардың қолтаңбаларымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ салық төлеушінің мөрімен куәландырылған кітап (кітаптар) түрінде табыс етілуі мүмкін.
Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың 1) – 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді. Кейіннен салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
Егер лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысанасын) әкелгеннен кейін басталған жағдайда, салық төлеуші салық органына осы тармақтың 1), 3) - 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді. Бұл ретте салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште қосылған құн салығы бойынша салық базасын көрсетпейді.
Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің күні Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысаналарын) әкелген күнге дейін белгіленген жағдайда салық төлеуші салық органына осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
Кейіннен салық төлеуші салық органына осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
4. Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация бойынша төлеуге есептелген жанама салықтардың сомасы тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкес келуі тиіс.
5. Салық төлеушілер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация мен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қағаз жеткізгіште және электрондық түрде табыс етеді.
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысанын, оны толтыру және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.
Тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатының өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде жанама салықтарды есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осындай импортталған тауарлар есепке қабылданған (лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі болатын) күнтізбелік ай болып табылады.
Бұл ретте салық кезеңі ішінде салық міндеттемесін орындауға жол беріледі.
6. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш ұсынылмаған жағдайда салық органдарына ұсынылмаған деп саналады.
Тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация табыс етілмеген жағдайда салық органдарына ұсынылмаған деп саналады.
7. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштегі импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін салық органдарының тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
Бұл ретте салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда есептелген жанама салықтар сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындамаған кезде және осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің шарттарын орындамаған жағдайда көрсетілген белгіні қою жүргізілмейді және дәлелді бас тарту табыс етіледі.
Ескерту. 276-20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.12.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

Бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті табыс ету тәртібі

 

1. Салық төлеуші осы Кодекстің 276-20-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжатты салық органына:
1) тауарлар экспорты кезінде тауарларды өткізу бойынша;
2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстар орындалған жағдайда жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде ұсынуға міндетті.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттерге тауарлар экспортын жүзеге асырған немесе алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жұмыстарын орындаған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі осы Кодекстің 276-20-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжатты осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімде қағаз жеткізгіште ұсынбаған кезде, тауарлар экспорты кезінде тауарларды өткізу бойынша немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда жұмыстарды, қызмет көрсетуді өткізу бойынша айналымға осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынуға және өткізу бойынша айналым жасау күніне келетін салық кезеңі үшін төлеу мерзімі бойынша бюджетке төлем жасауға жатады.
Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығы сомаларын есептеуді салық органы уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен жүргізеді.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомаларын уақтылы және толығымен төлемеген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 85 және 86-тарауларында айқындалған тәртіппен, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
4. Қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті табыс еткен жағдайда төленген қосылған құн салығы сомалары осы Кодекстің 599 және 602-баптарына сәйкес есепке жатқызуға және қайтаруға жатады.
Бұл ретте осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлдардың төленген сомалары қайтаруға жатпайды.
Ескерту. 276-21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Бап. Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу

 

1. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш салық төлеушінің орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органына табыс етілген салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде кері қайтаруға жатады.
2. Салық төлеуші осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті мынадай жағдайларда:
1) тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш қате табыс етілген;
2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізген, оның ішінде осы Кодекстің 276-23-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда табыс етуге құқылы.
3. Тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтару мынадай әдістердің бірімен:
1) тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы қате ұсынылған өтініш салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан алынып тасталатын алып тастау әдісімен;
2) тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші бір мезгілде жаңа өтінішті табыс ете отырып, бұрын табыс етілген өтінішті кері қайтару жолымен жүргізетін ауыстыру әдісімен жүргізіледі.
Осы тармақтың мақсаты үшін тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш, егер мұндай өтінішті табыс ету міндеті осы Кодексте көзделмесе, қате табыс етілген деп саналады.
4. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізумен бір мезгілде салық төлеушi импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияны табыс етуге міндетті.
Осы тараудың мақсатында импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларация салық есептілігі болып табылады, оны импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық төлеуші болып табылатын тұлға осы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар жататын кезең үшін бұрын табыс еткен салық есептілігіне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізген кезде табыс етіледі.
Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларация хабарлама бойынша салық есептілігі болып табылады, осы тұлға салық төлеуші болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды салық органы анықтаған кезең үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс етеді.
7. Салық төлеушінің тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке:
1) салықтық тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген қосылған құн салығы және акциздер бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде – тексерiлетiн салық кезеңiнде;
2) салық төлеушінің шағымында көрсетілген қосылған құн салығы салығы және акциздер бойынша шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмiне шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде – шағым жасалатын салық кезеңiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.
8. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтару тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 276-22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 230 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Қосылған құн салығын қайтару | Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару | Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Кеден одағында қосылған құн салығын төлеушілер | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау, салық салынатын импортты жасау күні | Бап. Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау | Бап. Тауарлар экспортын растау | Бап. Кеден одағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері| Бап. Акциз ставкалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)