Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
  7. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою

 

1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін қайтару (осы баптың мақсаты үшін бұдан әрі – қосылған құн салығының асып кетуі) осы бапта көзделген шарттар орындалған кезде осы Кодекстің 600-бабында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығын қайтару туралы қосылған құн салығын төлеушінің талабы бойынша жүргізіледі.
2. Осы Кодекстiң 273 және 274-баптарына сәйкес қайтаруға жататын асып кеткен қосылған құн салығы салық органының асып кеткен қосылған құн салығын қайтаруға төлем құжатын жасау күнiне және кейiнгi салық кезеңдерi үшiн декларацияларда көрсетiлген, бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы шегерiле отырып қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетiлген декларацияда салық кезеңiнiң соңында, қосылған құн салығының қайтарылуға жатпайтын асып кеткен сомасын қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушiнiң дербес шоты бойынша артық төлем сомасынан асып кетпеуге тиiс.
3. Қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық берешегі болмаған кезде оның банк шотына осы Кодексте көзделген қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару мерзімі ішінде жүргізіледі.
Салық органы салық берешегi болған кезде есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырмай-ақ орын алған салық берешегiн өтеу есебіне қосылған құн салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды жүргізеді.
Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу есепке жатқызуға салықтық өтінішін тапсырылмастан заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салық берешегiн өтеу есебіне жүргізіледі.
Қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.
4. Салық органы қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару мерзімін бұзған кезде мерзімі бұзыла отырып қайтарылған осындай асып кетуге салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есебіне жазады. Мерзімі бұзыла отырып қайтару жүргізілген осындай асып кетуге қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап
қайтару күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есебіне жазылады.
5. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару күні салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.
Ескерту. 603-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 112 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Әрекетсіз салық төлеуші | Бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi | Бап. Салық нысандарын қабылдау | Бап. Камералдық бақылау нәтижелерi | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын ашу және жүргізу | Бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу | Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу | Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару| Бап. Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)